ТҮРКСІБ АУДАНЫНДА ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Алматы қаласы, Түрксіб ауданы бойынша мешіттерінің «Жастар ісі» секторы футболдан тартысты жарыс ұйымдастырды.
Жарысқа Түрксіб ауданындағы «Ынтымақ» мешітінің жанындағы қарилар медресесі, «Қайрат» мешітінің қарилар медресесі, «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттері және ауданның жас дін қызметкерлері қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттау, бірлік пен бауырластықты арттыру мақсатында ұйымдастырылған жарыс өте тартысты өтті. Командалар жеңіске деген жігерін көрсетіп, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады.
Жарыс нәтижесі бойынша:
І орын – «Қайрат» командасы
ІІ орын – «Барыс» командасы
ІІІ орын – «Ынтымақ» командасы
Жеңімпаздарға арнайы қаржылай сыйлықтар табысталды.
І орын – 70 000 теңге
ІІ орын – 50 000 теңге
ІІІ орын – 30 000 теңге
Сонымен қатар барлық жүлдегер командалар кубок және естелік медальдармен марапатталды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық іс-шаралар жастарды ынтымаққа, тәртіпке және денсаулықты сақтауға үндейді. Қатысушылар да жарыстың жоғары деңгейде өткенін айтып, осындай игі бастамалардың жалғасын табуына тілектестік білдірді.
Бұл турнир – Түрксіб ауданы жастарының бірлігі мен салауатты өмір салтын ұстанудың жарқын көрінісі болды.