ТҮРКСІБ АУДАНЫ: МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТЕННИСТЕН ЖАРЫС ӨТТІ
Республика күніне орай Түрксіб ауданыны бойынша жастар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды.
Мешіт жамағаттарының бірлігі мен ынтымағы нәтижесінде Түркісіб ауданы бойынша жастар ісі секторы бөлімінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен сайыс өткізілді. Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын алған қатысушыларға қаржылай сыйақы табысталды. Марапаттау рәсіміне арнайы аудан имамы Ержан Ұсенханұлы қатысып, жастарды ұлттық мереке Республика күнімен құттықтады. Барлық атысушыларға алғыс айтып, ұйымшылдығы үшін ризашылығын білдірді.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі