РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ӨЛЕҢ-ЖЫРДАН ЖАРЫС ӨТТІ

Абай Құнанбайұлы мешітінде 25 - қазан Республика күніне орай жастар арасында өлең-жырдан жарысы өткізілді.
Қазақ ауыз әдебиетінің құндылықтары насихатталған сайыста жүйрікт жамағат бақ сынасты. Сайысқа қатысып үздік шыққан жастарға 1- орынға 50 000 теңге, 2 - орынға 40 000 теңге, 3 - орынға 30 000 теңге, 4 - орынға 20 000 теңге, 5 - орынға: 10 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді. Сонымен қатар сайысқа қатысқан жастарға сағат сыйға беріліп, соңынан ұлттық мереке құрметіне ақ дастархан жайылды.