РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ БОЙЫНША ТІКЕЛЕЙ ЭФИР ӨТКІЗІЛДІ
Мүфтият бекіткен Рамазан жоспарына сәйкес Алматы Орталық мешітінде Рамазанға дайындық айдарымен инстаграм әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфир өткізілді.
Оқырман сауалдарына Алматы қаласы бойынша пәтуа мамандары Досбол Сәбитұлы мен Сұлтан Жұмалиев жауап беріп, Рамазан айына қатысты мәліметтермен бөлісті. Оразаның түрлері мен шарттары, оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдар тағы басқа тікелей эфирде қойылған сұрақтарға жауап берілді. Мүфтият баспасынан шыққан Рамазанға қатысты кітаптар бойынша насихат айтылды.




