«ТАУГҮЛ» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ИМАМ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бас имам Төлеби Оспан қасиетті жұма күні «Таугүл» мешітінде жамағатқа «Дұға жасаудың әдептері» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді. Сондай-ақ, аталмыш мешітке тағайындалған жаңа имамды көпшілікке таныстырды.
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Руслан Қамбар Алматы қаласы, Әуезов ауданы «Таугүл» мешітінің имамы қызметіне тағайындалды. Бұған дейін «Таугүл» мешітінде имам қызметін атқарған Ернар Мәжен Алматы қаласы, Наурызбай ауданына қарасты «Қарағайлы» мешітіне имам болып тағайындалды.
Шаһардың бас имамы Төлеби қажы Дәділұлы мешіт жамағатына бұйрықты хабарлап, Ернар Қалмаханұлына алғыс білдірді. Имамдардың алдағы дін қызметіне «Хаққа қызмет – халыққа қызмет» жолында сәттілік тіледі.
Қамбар Руслан Миятбекұлы
- 1998-2002 ж.ж. Қазақ-Кувейт университетінің шетелдік филология: араб тілі мен әдебиеті мамандығы;
- 2016-2018 ж.ж. Еуразия Ұлттық университетінің Дінтану магистрі;
- 2018-2021 ж.ж. «Нұр-Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің «Дінтану» PhD-докторанты.
Қосымша курстар, сертификаттар
2010 жылы Түркия Республикасы, Болу қаласындағы шетелдік имамдардың білімін жетілдіру курсы;
2025 жылы Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы, Әл-Азһар академиясы дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсы.
Еңбек өтілі:
- 2002-2004 ж.ж. Оңтүстік Қазақстан Гуманитарлық академиясының араб тілі оқытушысы;
- 2005-2007 ж.ж. ҚМДБ-ның «Мешіт істері және қажылық» бөлімінің референті;
- 2007-2010 ж.ж. Астана қаласы, «С.Ғылмани» мешітінің наиб имамы;
- 2010-2014 ж.ж. Астана қаласы, «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы;
- 2014-2017 ж.ж. Астана қаласы «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы және «muslim.kz» ресми порталының сарапшысы;
- 2018-2021 ж.ж. Алматы қаласы, «Нұр Мүбарак» оқу әдістемелік мешітінің наиб имамы;
- 2021 қазан айынан бастап, Алматы қаласы, «Қалқаман» мешітінің имамы.
Аударма еңбектері
Неке кітабы; Пайғамбар (с.ғ.с.) өсиеті; Сүннет қазынасы; Әмина – әз-пайғамбар анасы; Үйленбей тұрып үйрен; Мұсылманша мотивация; Әке мектебі және Табыс теориясы т.б.
Алматы Орталық мешітінің
баспасөз қызметі











