РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен жоспарға сай Алматы қаласы бойынша қасиетті Рамазан айына дайындық жұмыстары басталды.
Жұма күні Алиматы Орталық мешітінде шаһар бас имамы Төлеби Дәділұлының қатысуымен Рамазанға дайындық апталығы аясында жамағатпен кездесу өтті. Сонымен қатар шараға ХАК медицина орталығының терапевт дәрігері Дүйсен Бекжан, Орталық мешіттің наиб имамдары Қуаныш Әбішев және Бауыржан Көптілеуов қатысты. Жамағатқа оразаға дайындалу, сәресі мен ауызашар кезінде дұрыс тамақтану, игі істерге ниеттену, рамазан күндеріне жоспар құру сынды ақпараттармен бөлісті. Келген жамағатқа сұрақ-жауап өткізіліп, жеңімпаздарға мүфтият баспасынан шыққан кітаптар сыйлыққа берілді.
Рамазанға дайындық апталығы бойынша бастама әрі қарай қала мешіттерінде де ұйымдастырылып, халыққа ораза жайлы кеңінен ақпарат беру жұмыстары жалғасатын болады.
Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі