РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ 1000 ТУ 100 КГ БАУЫРСАҚ ТАРАТЫЛДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен 25 қазан Республика күніне орай тұңғыш рет өткізілген «DASTUR FEST» көрмесіне келген қала тұрғындарына тегін 1000 дана еліміздің көк туы және 100 келі бауырсақ таратылды.
Көрме жалғасында қазақы салттағы «Табақ тарту» әдісі мен жөн-жоралғысы түсіндіріліп, торқалы тойға өз шашуын арнау етіп алып келген белгілі ақын, сазгер Жакен Омаров өнер көрсетті. Көк туды желбіретіп, дәмнен ауыз тиген шаһар тұрғындары ұйымдастырушыларға ризашылығын білдірді.
Айта кетсек, Ұлттық мереке 25-қазан Республика күніне орай ҚМДБ Алматы өкілдігінің жылдық жоспарына сай қала мешіттерінде ауқымды іс-шаралар, қайырымдылық жұмыстары жалғасуда.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі