«ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМ ЖӘНЕ РУХАНИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Алматы өкілдігінің жылдық жоспары негізінде Наурызбай ауданы Қалқаман мешітінде «Дәстүрлі Ислам және рухани тұрақтылық» атты дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш шарада арнайы РАНТ мүшесі, Орталық мешіттің наиб имамы Қуаныш Әбішев баяндама жасады. Наурызбай ауданына қарасты жеті мешіттің қызметкерлеріне «Дәстүрлі Ислам» ұғымы жайлы ойымен бөлісті. Сондай-ақ жуырда «Мүфтият» баспасынан жарық көрген «Бабалар ізімен. Қазақстандағы мұсылмандық мектеп» кітабында осы тақырып аясында кеңінен қарастырылған мәселелермен бөлісті. Сонымен қатар, Наурызбай ауданының бас имамы Нұрбол Тағаев дін мен дәстүрдің сабақтастығы хақында сөз сөйледі. Мәжілістің соңында имамдар көтерілген тақырып төңірегінде пікір алмасты.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі