ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ БАҒЫТЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ
Бүгін Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қолдауымен, «Ислам және адал қоғам» жылы аясында «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша республикалық семинар өтті.
Аталған шараға еліміздің барлық өңірлерінен жиналған «Дәстүр және отбасы» бағытына жауапты дін мамандары қатысты. Семинар барысында мамандар тәжірибелік сабақтарға қатысып баяндама жасады. Өңірлерден келген мамандарға бағытқа қатысты жұмыс үлгілері ұсынылды. Сонымен қатар, «Дәстүр және отбасы» бағыты бойынша жылдық жоспар таныстырылып, алдағы кезеңге арналған бірқатар өзекті ұсыныстар мен тапсырмалар айтылды.
Шара аясында ҚМДБ Дін мен дәстүр бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Әуесханұлы, сондай-ақ Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан қатысып, Дін мен дәстүр сабақтастығын нығайту, отбасы құндылықтарын қоғамда жүйелі түрде насихаттау мәселелері төңірегінде ой-пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, Республикалық семинар дін қызметкерлері арасында тәжірибе алмасуға, дәстүрлі рухани құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы институтын нығайтуға бағытталған.







