«РАМАЗАН - АДАЛ ҚОҒАМ ҚАЛЫПТАСТЫРУ АЙЫ» РУХАНИ АУЫЗАШАР КЕШІ ӨТТІ
ҚМДБ «Әйел қыздар» секторы, Алматы қаласы бойынша «Әл-Мәдина» және «Әл-Әзим» мешіттерінің ұстаздарының ұйымдастыруымен «Рамазан - адал қоғам қалыптастыру айы» атты рухани ауызашар кеші өтті.
Ауызашар дастарханына қаладағы халыққа қызмет етіп жүрген 20 дан астам мемлекеттік және жеке меншік қызметкерлер қонаққа шақырылды. Оның ішінде мектеп және медресе ұстаздары, дәрігерлер, ерекше баласы бар аналар, жетімдер үйінің тәрбиешілері қонаққа келді. Рухани кешті «Әл Мәдина» мешітінің наиб имамы Нұрбол Тағаев ашып берді. Кеште әсем ән мен түрлі қойылымдар, сонымен қатар қызықты ойындар ойнатылды. Сонымен қатар Нұр Мүбарак университетінің докторанты Жомарт Кершеев, ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Алматы қаласы бойынша жауапты маманы, ұстаз Гүлмира Ілесбайқызы және «Әл-Мәдина» мешітінің ұстазы Айнұр Шаймерденқызы рухани тақырыпта насихат айтты. Кеш қонақтарына мерекелі де беерекелі Рамазан айына орай сыйлықтар таратылды.





