ҚМДБ АТЫНАН 500 000 ТЕҢГЕ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Бірнеше жылдар бұрын Алматы қаласы, Алатау ауданындағы «Көкқайнар» мешітін салуға үлес қосқан Ибраһим ақсақалға ҚМДБ атынан 500 000 теңге қаржылай көмек көрсетілді.
ҚМДБ наиб мүфтиі Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алатау ауданының бас имамы Амантай Садиев Алла үйін салуға атсалысқан Ибраһим ақсақалға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, зор алғысын білдірді. «Бұрынғы қиын қыстау заманда мешіт салу оңай емес еді. Сол қиындыққа қарамай құлшылық үйін салған сіздерді ұмытпаймыз. Алла разы болсын!», -деп атап өтті наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы. Ақсақалдың ақ батасын алып, Алладан шипа сұрады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі