НАИБ МҮФТИ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ
ҚМДБ Төрағасының орынбасары наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Әбу Ханифа» медресе коллледжінің студенттеріне «Әдеп және тақуалық» сабағын өтті.
Білім алудан алдын тәрбиенің маңызды екені айтылды. «Тақуалық адамның жастық шағынан бастау алады. Сондықтан мен кейін жасым ұлғайғанда тақуалық жолын ұстанамын, қазірше жас кезімде тақуа болмасам да болады деген жаңсақ пікірден аулақ болмағымыз ләзім», - деп атап өтті наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы. Сонымен қатар: «Ең жақсы адам кім? Адамдармен қарым-қатынаста жақсы болған адам. Адам әуелі бет сұлулығымен емес, ішкі жан дүниесімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі. Әнәс ибн Мәлик (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте бұл білім – дін. Олай болса, әрбіріңіз дінін кімнен үйреніп жүргеніне қарасын» - деген», - деп түйді наиб мүфти.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі