ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫНДА МҰҚТАЖДАРҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен құрбан айттың алғашқы күнінен бастап мұқтаж отбасылары мен көп балалы аналар және әр түрлі әлеуметтік санаттағы қала тұрғындарына ет таратылды.
Жалпы алғанда Алматы қаласы бойынша құрбандық шалуға рұқсат етілген орындарда құрбан айттың алғашқы күні 1160 қой ( оның ішінде онлайн 220 қой), 12 сиыр, 30 ешкі құрбандыққа шалынды. 2075 отбасына ет таратылса, 37 мекемеге құрбандық еті жеткізілді. Биылғы жылда да онлайн QURBAN2024.KZ сайты құрбан шалу жұмыс істеп тұрғанын ескерсек, бір күнде 220 қой онлайн тапсырыс арқылы құрбандыққа шалынып, тапсырыс берушіге толықтай есебі жөнелтілді. Құрбан айтта қуаныш сыйла қайырымдылық шарасына қатысқан «Зекет және қайырымдылық» қорының Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Көптілеуов «ҚҰРБАН АЙТТА ҚУАНЫШ СЫЙЛА» қайырымдылық шарасында тұрғындарды құрбан айтпен құттықтап, тізім бойынша мұқтаж отбасыларына құрбандық еттерін табыстады.
Айта кетсек, мұсылмандар үшін ұлық мереке - Құрбан айт тағы екі күнге жалғасады. Қала бойынша белгіленген 14 орында құрбандық шалуға болады.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі