ҚҰРБАН АЙТ-2024: ЕРІКТІЛЕР БІРЫҢҒАЙ КИІМДЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Құрбан айтқа қатысты Төралқа мәжілісіндегі тапсырмасына орай ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры басшылығының ұйымдастыруымен биылғы жылдан бастап Құрбан айт мерекесінде барша өкілдіктегі қор қызметкерлері мен еріктілер бірдей кеудеше киюді қолға алды.
Құрбан айт мерекесі қарсаңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігінің ұйымдастыруымен бірыңғай кеудешелер еріктілерге таратылды. Қордың Алматы өкілдігі бойынша жауапты маманы Бауыржан Қарашбайұлы аудан мешіттеріндегі жауаптылар мен еріктілерге табыстады. «Құрбан айт - 2024», «Зекет және қайырымдылық қоры», «Қайырымдылық жаршылары» сынды жазулары мен құттықтауы бар кеудешелер киген жауапты мамандар мен еріктілер ертеңгі Құрбан айт мерекесінде халыққа қызмет ететін болады.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі