Омар ибн әл-Хаттаб мешіті қайырымдылық шарасын өткізді

Алматы қаласы, Медеу ауданы
Омар ибн әл-Хаттаб мешіті қайырымдылық шарасын өткізді
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) арналған айда Алматы қаласы, Медеу ауданындағы Омар ибн әл-Хаттаб мешіті «Көк-Төбе» қарилар дайындау орталығында білім алып жатқан 70 шәкіртке азық-түлікпен қайырымдылық жасады.
Бұл игі іс – шәкірттердің білім алуына қолдау көрсетіп, олардың рухани дамуына серпін беруді мақсат етеді. Сонымен қатар мешіт жамағаты мен қайырымды азаматтардың ортақ үлесі шәкірттердің жақсы білім алуына мүмкіндік болады.