РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
ҚМДБ Зекет және қайрымдылық қоры Алматы қаласы бойынша өкілдігі мен Бостандық ауданы Байкен мешітінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай қайырымдылық шарасы өтті.
Ел егемендігінің мерекесі қарсаңындағы қайырымдылық шарасында мүгедектігі бар және көп балалы отбасыларға азық-түлік қораптары таратылды. Күнделікті тұтынатын азық-түліктер жиынтығы екі қорапқа салынып, мешіттен көмек алатын тұрғындар тізімі бойынша үлестірілді. Сауапты іске атсалысқан барша азаматтарға алғыс айтылды.



