МЕШІТ ТАЗАЛЫҚШЫСЫНА ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен шаһар мешіттерінде ұзақ жылдар тазалықшы қызметін атқарған Сәрсен Қазымовқа қаржылай қолдау көрсетілді.
30-жылға жуық Алматы мешіттерінде тазалық жұмыстарын атқарған Сәрсен Қазымов бүгінде дертке шалдығып, сырқаттанған. Аяғы ауырып, жүре алмай төсекте жатқанына 6 айдың жүзі толыпты. Алла үйінің тазалығына үлес қосып, жылдар бойы жалықпай еңбек еткенін ескерген дін қызметкерлері мен ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Қайырғалиев осы қордың Алматы өкілдігі атынан Сәрсен Қазымовтың жұбайына 1 300 000 теңгенің сертификатын табыстады. Алла дертіне шипа беріп, тезірек сауығып кетуіне дұға жасалды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі