ҚАДІР ТҮНІ ҚАРСАҢЫНДА 500 АДАМҒА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
ҚМДБ бекіткен Рамазан айына арналған жоспары негізінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры Алматы өкілдігі бойынша 500 отбасына азық-түлікпен қайырымдылық шарасын өткізді.
ҚМДБ Төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының рамазан айымен, сондай-ақ бүгінгі қасиетті қадір түнімен құттықтау сәлемін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы көпшілікке жеткізді. Бүгін қасиетті рамазан айындағы барша мұсылман жұртшылығы асыға күткен қадір түні қарсаңында Орталық мешітте ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы өкілдігі мен кәсіпкер Әнуарбек Таңатарұлының демеушілігімен қайырымдылық шарасында бір мезетте 500 адамға көмек көрсетілді. Оның ішінде бірінші кезекте әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына, зағип жандарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен мешіттің тазалық қызметкерлері және көмекке мұқтаж отбасыларына күнделікті азық-түліктер жиынтығы үлестірілді. Рамазан қорыжынын алған отбасы мүшелері сауапты істе жақсылық жасап жарысқан демеуші жандар мен ұйымдастырушы дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі