БАБАЛАР КЕСЕНЕСІНЕ ЗИЯРАТ ЖАСАЛДЫ
ҚМДБ «Darhan Dala» жобасы аясында Алматы қаласы бойынша бабалар кесенесіне зиярат жасалынды.
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен Орталық мешіттің шәкірт жамағаттары бірігіп, мешіт ұстазы Ерлан Киізбаев бастаған топ қаладағы «Райымбек батыр» ескерткіші мен «Әлмерек баба» ескерткішіне зиярат жасады. Қазақта киелі деп саналатын орындарға барғанда шариғат пен дәстүрімізге сай зиярат жасау, шариғатқа қайшы әрекеттерден сақ болу, ниеттің дұрыстығы, ол жерлерді қастерлеп, құрметтеу сияқты мәселелер нұсқаулық ретінде қамтылған ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған құжатты жамағатқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Бабалар ескерткіштеріне зиярат жасаудағы мақсат киелі орындарын, басқа да тарихи жерлерді зиярат етуді бірізділікке салу бойынша, зиярат мәдениетін насихаттау болып табылады», - дейді ұйымдастырушылар.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі