МЕРЕКЕДЕ МЕШІТТЕРДЕ ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының бастамасымен қала мешіттерінде 25-қазан Ұлттық мереке Республика күніне орай бірқатар іс-шаралар өткізілді.
Атап айтсақ "Әскер ата" мешітінде қайырымдылық бағытында балаларға базарлық ретінде сыйлықтар үлестірілсе, "Көк Қайнар" мешіті мерекеге тарту деп 100 дана көк ту таратты. Ал жамағатқа дастархан жайылып, РАНТ мүшесі Қазыбек Ахметов Құран бағыштап бата оқыды. Сондай-ақ "Бәйкен", "Омар ибн Хаттаб" тағы басқа мешіттерде мұқтаж отбасылар мен көпбалалы аналарға азық-түліктер салынған себеттер таратылып, "Дархан", "Нұрлытау" және "Абу Бакр" мешіттерінің дін қызметкерері қарттар үйіне зиярат жасады.
Республика күніне тарту сыйлар қала мешіттерінде әлі де жалғасуда.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі