ҚМДБ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ МҮШЕЛЕРІ «ҚҰРМЕТ» ОРДЕНІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Республика күні қарсаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшелері Асылхан Өмірзақұлы мен Манарбек Әзімбекұлы «Құрмет» орденімен марапатталды.
Президент атынан мемлекеттік награданы Алматы қаласы, «Әл-Хамид» мешітінің бас имамы Асылхан Өмірзақұлына Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды, ал қоғам қайраткері Манарбек Мұхамеджановқа Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов табыстады.







