Ішімдіктен бас тартқан ауылдар
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 16:24
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:55 14:42 16:24 17:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024

Жаңалықтар

Ішімдіктен бас тартқан ауылдар

Аллаға шүкір, бүгінде елімізде арақ сатылмайтын, ішімдік ішілмейтін ауылдар саны көбейіп келеді. Ол ауылдардың дүкендерінде ішімдік атаулы сатылмайды, дастарқанға арақ-шарап қойылмайды. Осылайша алақандай ауылдар бүкіл елге үлгі болып отыр. Олар қандай ауылдар? Ел-жұрт етене біліп жүрсін деп бірқатарына жеке-жеке тоқталдық.

 

Алмалы ауылы

Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алмалы ауылында 159 отбасы, яғни 1187 адам тұрады. Қазір бұл ауылдың дүкендерінен ішімдік таппайсыз. Себебі ауыл ақсақалдары белсенді жұмыс жүргізген. «Ішкіліктен не пайда? Еліміз ішімдік атаулыдан ада болса, таза болсақ, ұрлық, төбелес, ажырасу болмайды, көлік апаттары азаяры анық» дейді ауыл ақсақалы Елеусін Жастаев. Шын сөз! Арақтан бас тартқанының арқасында ауылдың берекесі артып отыр.

 

Жуансай ауылы

Осы облыстың Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылында да арақ түгілі темекі сатылмайды екен. Жусансай ауылында 1100 тұрғыны бар 120 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауылда 3 дүкен бар. Ешқайсысында ішімдік сатылмайды. Жусансайды да арақтан тазартқан ауыл ақсақалдары екен. Жастары қарияларының сөзін екі етпейді. Айтпақшы бұл ауылдың жастары темекі де тартпайды. Содан болар, бұл ауылда соңғы сегіз жылдан бері қылмыс түгілі, бұзақылық оқиғасы тіркелмепті.

 

Жуансайдың берекесін кіргізіп отырған – ауыл азаматтары. Олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі сонша, қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. Ауылдың көпірін жаңаланған. Жаңа жол төселген. Көшелерге жарықшамдар орнатылған. Мешіт салынған. Мұның бәрін өзге емес, ауылдың өз азаматтары бірігіп атқарған екен. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген осы.

 

Теңдік ауылы

Арақ тек оңтүстік облыстарда ғана емес, солтүстік облыстарда да сатылмайды екен. Атап айтсақ, Солтүстік Қазақстан облысының Теңдік елдімекенінің тұрғындары 16 жылдан бері дастарқанына арақ-шарақ жуытпапты. КТК телеарнасының хабарлауынша, содан бері бұл ауылда ұрлық-қарлық, қылмыс деген атымен болмапты.

 

Осы ауылда Орынбай атты қажыға барған қария бар. Сол кісі үйіне деп жинаған бар қаражатын жұмсап 150 орынды мешіт салдырыпты. «Жаңа заман келді. Жастарға рухани тәрбие беру керек. Жаңа жолға бағыттау керек. Жасымыз болса келіп қалды. Сондықтан жас ұрпақты тәрбиелеу үшін мешіт салдық» дейді Орынбай ақсақал.

 

2003 жылы мешіттің ашылуында ауыл ақсақалдары жерлестеріне арақтан бас тарту туралы үндеу жолдапты. Ақсақалдардың талабын орындаған жастар бірауыздан ішімдік атаулыдан бас тартқан. Айтпақшы, осы 2003 жылы ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти болған Әбсаттар қажы Дербісәлі Рамазан айында дүкендерде арақ сатпау туралы бастама көтерген еді. Бұл ауыл осы бастаманы іліп алып, осы уақытқа дейін орындап келеді екен. Қалай разы болмайсың?!

 

Красная поляна ауылы

Осы СҚО-ның Сандықтау ауданына қарасты Красная поляна ауылында да арақ сатылмайды. Осыдан 9 жыл бұрын араққа тойып алған ауыл жастары бір қарияны сабап кетіпті. Сол кезде ауыл ақсақалдары жерлестерін жинап, бұдан былай арақ-шарапқа жуымау жайлы үндеу тастаған. Нәтижесі міне, он жылға жуықтады, ауылда ішімдік сатылмайды. Содан бері бір де бір қылмыс тіркелмеген екен.

 

Қазір бұл ауылда 1000-нан астам адам тұрады. Ауыл тұрғындарының бір біріне деген сенімі артқаны сонша, алыс жаққа жол жүрсе де, есігіне құлып салмайды екен. Бір қызығы бұл ауылда ит те жоқ. Қылмысы жоқ ауылға ит не керек?!

 

Еңбек ауылы

Ақмола облысының Еңбек ауылының дүкендерінде де арақ сатылмайды. Оған себепкер болған осы ауылдың тұрғыны Майдан апа Бақтыбайқызы екен. Ол кісі 2002 жылы ауылдағы өз үйін бұздырып, орнына мешіт салдырған. Сөйтіп мешіт ашылғаннан кейін, жерлестерін арақтан арылуға шақырыпты. Қазіргі уақытта бұл ауыл арақтан ғана емес, қоқыстан да арылыпты. Ауыл көшесінің тазалығы қалалардан кем түспейді.

 

Сарыбастау ауылы

Ащы судан бас тартқан ауылдардың бірі – Алматы облысы Райымбек ауданының Сарыбастау ауылы. Бұл ауылды арақтан арашалаған ауыл мектебі жанынан құрылған «Ұлағатты ұрпақ» қоғамдық қоры екен. Қорды ауыл ақсақалдары және осы ауылдан шыққан қазір түрлі қызметте жүрген ауыл белсенділері мен тұрғындары құрған екен.

 

Ауыл ақсақалы Ермек Әбілмәжінұлының айтуынша, 1985 жылы жарияланған бүкілхалықтық ішімдікке қарсы тұру акциясы тура осы төңіректен басталыпты. «Қазіргі кезде бұл бастаманың қайта қолға алынып, жастардың өздерінің арақпен күресуге ықылас танытқаны – жақсылықтың нышаны. Негізінен басқаша болуы да мүмкін емес еді. Себебі таудың баурайындағы қымызы үзілмейтін ауданнан мұндай бастаманың көтерілуі заңдылық» дейді Ермек ақсақал informburo.kz сайтына берген сұхбатында. Қазіргі уақытта Сарыбастау тұрғындары ішімдіктен сап тиылған.

 

Қақпақ ауылы

Араққа «аулақ» деген тағы бір елдімекен – осы Райымбек ауданының Қақпақ ауылы. Бұл ауылдан спорт шеберлері Ардақ пен Бейбіт Назаров шыққан. Ауыл жастары осы азаматтарды үлгі тұтып, айтқан сөздеріне құлақ салып келеді. «Болашақта қазақ балалары ішімдік дегенді білмейтін заман келеріне сенемін. Сондықтан барша қазақ баласын ішімдіктен бас тарту шарасын қолдауға шақырамын» деді спортшы Ардақ Назаров. Қазіргі уақытта Ардақ пен Бейбіттің жерлестері ішімдік атаулыға жоламайды.

 

Жыланды ауылы

Алматы облысына қарайтын Жыланды ауылы да арақтан бас тартқан. Бұл ауылда он жылдан бері жиын-тойларда тек қымыз ұсынылады екен. Жыланды ауылынан белгілі кәсіпкер, ZHERSU компаниясының басшысы Бауыржан Оспанов шықты.

 

Бауыржан Кеңесбекұлы қазір туған ауылына бар жағдайды жасап отыр. Ауылдың жолын салып, электр қуатымен қамтып, өндіріс орындарын ашып, тұрғындардың әлеуметтік мәселелерін реттеп берген. Одан бөлек жерлестерін арақтан бас таруға шақырып, оның орнына қымыз ішуді насихаттаған. Қазіргі уақытта бүкіл ауыл ащу судан бас тартқан. Жыландының дүкендерінде бүгінде ішімдік қана емес, шылым мен шұжық (харам саналатыны) та сатылмайды екен.

 

Өзгент ауылы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Өзгент ауылында да ішімдік сатылмайтын көрінеді.

 

«Сыр беткейде Өзгент деген ауыл бар. Тарихы Сығанақ, Сауран қаласымен тағдырлас. Ауыл имамы Халилла қожамен тілдестім. Имамның айтуынша, төрт-бес жыл алдында, молдасы бар, ақсақалы бар дүкен-дүкенді жағалап, сайтансудың сатылмауын насихаттаған. Соңыра, дүкен сөресінен сайтансу алынып, үйді-үйлерде тығылып сатыла бастаған. Онысын учаскелік полицейге айтып жүріп, оған тосқауыл қойған» деп жазады аудандық газет қызметкері Әбдісамат Әбдіш.

 

Ол өзге ауылдарды Өзгентті үлгі алуға шақырып отыр. Шынында, неге үлгі алмасқа? Байқасаңыздар, барлық ауылда жерлестерін ащы судан бас тартуға шақырған негізінен ауылдың ақсақалдары, содан кейін сол ауылдан шыққан беделді азаматтар екен. Ақсақалын тыңдаған ауыл адаспайды.

 

Бұл ауылдарды неге тізіп айтып отырмыз? Өйткені, азғындық атаулының бастауы – арақ. Алда Жаңа жыл мерекесі келе жатыр. Осы сәтті пайдаланып, ақ дастарқанына арам арақ қоятындар жоқ емес. Сондай жандарға сабақ болса деген ниет еді.

 

Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағала арақты, оны ішуші мен құйып берушіні, сатушы мен сатып алушыны, дайындаушы мен дайындатушыны, алып келуші мен алып келтірушіні және арақтан күн көрушіні лағынеттеді!» деп, арақтың бүкіл жамандықтың көзі екенін айтып, оған тыйым салған болатын. Бұл не деген сөз? Арақты ішкен адам ғана емес, оны сатқан, тіпті өзі ішпесе де, өзгеге құйып берген адам да Алланың қарғысына ұшырайды деген сөз. Саналы адамға мұнда үлкен сыр жатыр.

 

Серікбол Хасан

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Қазақстанда аза тұту күні жарияланды
Бүгін бүкіл қазақстандықтар аза тұтып жатыр...
Студенттер мүшайрасының жеңімпаздары анықталды
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті жариялаған студенттер арасында «Тәуелсіздік және дін» атты мүшәйра ұйымдастырған болатын.
Бас мүфти ұшақ апатынан қаза болған азаматтардың отбасына көңіл айтты
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан азаматтардың отбасына көңіл айтты.
Алматыда ұшақ құлап, 12 адам қаза тапты
Бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтанға бағыт алған «Бек Эйр» әуе компаниясының №Z2100 рейсі ұшу кезінде апатқа ұшырады.
2019 жылы 80 мешіт ашылды (ФОТО)
Биыл еліміз бойынша 80 мешіт ашылды. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мешіт істері бөлімінің басшысы Марат Жаппасбаев мәлімдеді.
«МҰСЫЛМАН ЗИРАТЫНЫҢ ТӘРТІБІ ЖӘНЕ ӘДЕПТЕРІ» атты семинар өтті (ФОТО)
Кеше Нұр-Сұлтандағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ғимаратында «Мұсылман зиратының тәртібі және әдептері» атты семинар өтті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
22 Джумада-сани 1446
Миләди
24 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 16:24

Құптанға дейін 00:02

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi