ҚАЖД №11 МЕКЕМЕСІНДЕ НАСИХАТ ЖҮРГІЗІЛДІ
Алматы қаласы бойынша ҚАЖД №11 мекемесінде Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында дін қызметкерлерінің қатысуымен рухани-адамгершілік бағыттағы іс-шара өтті.
Кездесу барысында «Нұр» мешітінің бас имамы Талғат Омаров, «Әл-Азим» мешітінің бас имамы Орынбасар Дәуренбеков сотталған азаматтарға рухани құндылықтарды нығайту, өмірдегі жіберілген қателіктерді түсініп, олардан сабақ алу және түзелуге ұмтылу жөнінде насихат айтты. Әсіресе отбасы құндылықтары, жақындар алдындағы жауапкершілік және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығы кеңінен сөз болды. Әрбір адам қателесуі мүмкін. Алайда ең бастысы — өз қателігін түсініп, дұрыс қорытынды шығарып, ізгі амалдарға, жауапкершілікке және қоғамға деген құрметке негізделген жаңа өмір бастауға ұмтылу екенін жеткізді.
Іс-шараға қатысып, рухани-адамгершілік тәрбиесіне тағылымды насихат жүргізгені үшін мешіт қызметкерлеріне мекеме басшылары алғыс білдірді.



