АҚСАЙ МЕШІТІНДЕ СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ-ның Алматы қаласы Әуезов ауданы “Ақсай” мешітінде “Qamqor-Sharapat” салттық қызмет көрсету орталығының қызметін жандандыру мақсатында Әуезов ауданына қарасты мешіттіердің имамдарына кезекті семинар-тренинг өтті.
Аталған шараға Алматы қаласы бойынша “Qamqor-Sharapat” салттық қызмет көрсету орталығының директоры Талғат Дайрабайұлы қатысты. Шара барысында Талғат Дайрабайұлы ел аумағында зираттарды цифрландыру,жерлеу қызметін заманға сай электронды түрде халыққа ұсынуды дамыту мәселелері айтылды. Семинарға Алматы қаласы Әуезов ауданына қарасты 15 дін қызметкерлері қатысып,заман талабына сай жерлеу рәсімдерін өткізу бойынша тың мәліметтер алды.
Сондай-ақ, қатысушы имамдардың тарапынан жерлеу рәсімдеріне қатысты туындаған сұрақтарға жауаптар берілді.