АЛМАТЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚҰРБАН АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Алматы Орталық мешітінде шаһар тұрғындары Құрбан айт намазын оқыды.
Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлының тұрғындарды Құрбан айт мерекесімен құттықтау хатын қалалық дін істері басқарма басшысы Нұрлан Қиқымов оқып берді. «Құрбан айтты мерекелеудің рухани дәстүрі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Бұл күннің тарихи тамыры тереңде. Мұсылмандардың қуаты бірлік пен адамгершілік, мейірімділік пен бойұсынуда. Біз Құрбан айтты жылы жүрекпен, таза ниетпен қарсы аламыз. Бұл күні біз әрдайым жақындарымызға ерекше қамқорлық жасап, көңіл бөлеміз. Баршамызды қуаныш пен бақытқа бөлеп, жаңа бастамаларға сәттілік әкелсін!», - делінген құттықтау хатында.
Сонадай-ақ, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мұсылман жұртшылығының ұлық мерекесі - Қасиетті Құрбан айтпен құттықтап, жамағатпен айт намазын оқыды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі