БАС ИМАМ ЕСЕПШІЛЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы мешіт есепшілерін төл мерекелерімен құттықтады.
Бас имам мешіттің есеп-қисап жұмыстарын заманауи үлгіде жандандырып, ерекше үлес қосып отырған есепшілер екенін айтты. 6 қазан - Есепшілер күні төл мерекелерімен құттықтап, жауапты да сауапты қызметтеріне сәттілік тіледі.
Есепшілер аналитикалық ойлауды, сандар тілін түсінуді, түрлі жағдайларда дағдарыстың шұғыл түрде алдын алу және қажетсіз қаржылық шығындардан құтқаруға қабілетті маман иелері. Кез-келген ұжымда есепшілердің орасан еңбегі бар екенін ескере отырып, кәсіби мереке қарсаңында оларға сый-құрмет көрсетілді. Есепші мамандармен жақын танысып, олардың ой-пікірлерін тыңдады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі