АЛАТАУ ИМАМДАРЫ ВОЛЕЙБОЛ АЛАҢЫНДА
Алатау ауданы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен мешіт қызметкерлері арасында апталық волейбол ойыны тұрақты өтуде.
Аудан имамы Амантай Садиевтің бастамасымен ауданның дін қызметкерлері арнайы Triada спорт кешенінде апталық волейбол ойнынан кездесу өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануға ынталы. Жиынның негізгі мақсаты "Тәні саудың жаны сау" демекші имамдардың саулықта жүруімен қатар бір-бірімен қызметтен тыс қарым қатынасты нығайту үшін әр аптаның сейсенбі күні өтіп жатқан спорттық шараға аудан бойынша 15 мешіттің қызметкерлері тұрақты қатысады.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі