ҚМДБ ІС БАСҚАРУШЫСЫ АЛМАТЫҒА ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс басқарушысы Қанат Дәуренбеков Алматы өкілдігіне іс сапармен келді.
ҚМДБ-ның қара шаңырағы саналатын Алматы қаласындағы ғимаратқа күрделі жөндеу жұмысы аяқталуымен жаңа жиһаздарды тізімге алып; тіркеу жүргізілді. Сонымен қатар ҚМДБ іс басқарушысы Қанат Дәуренбеков пен Алматы Орталық мешітінің іс басқарушысы Маратхан Мұхтарханұлы сегіз аудан мешіттерінің іс басқарушыларымен жиналыс өткізді. Кездесуде мешіт мүлкіне ұқыптылық, аманатты адал сақтап, ысырапшылыққа жол бермеу турасында айтылды.
Сондай-ақ ҚМДБ Төрағасы бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының 2023 жылға арналған бағдарламасында айтқан мешіт жанынан студенттерге жатақхана салу бойынша тапсырмаға сәйкес Жетісу ауданындағы «Абай Құнанбайұлы» мешітінің жанынан жаңадан бой көтерген жатақхана құрылысымен танысты. Аудан имамы Бақытжан Құралбайұлы бірқатар ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып, жаңа жиһаздар қойыла бастаған ғимаратты көрсетті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі