АЛАТАУ АУДАНЫ БОЙЫНША ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІН РАМАЗАН АЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен аудандағы зиялы қауым өкілдерін қасиетті рамазан айының келуімен құттықтады.
«Бекет ата» мешітінде өткен кездесуде ауданның бас имамы Ержан Базарбайұлы аудандағы зиялы қауым өкілдерін, ақсақалдарды қасиетті рамазан айының кеплуімен құттықтап, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының игі бастамаларын жеткізді. Аудан мешіттерінде бағдарлық баяндама бойынша Алматы өкілдігінің жұмыс жоспары аясындағы игі шаралар өткізіліп жатқанын айтты. Ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдері Бас мүфти бастамасымен жыл атауын «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп атауын құп көріп, ақ баталарын берді.