«НЕКЕ БАҚЫТЫ» ЖАС ОТБАСЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚМДБ Алматы өкілдігінің жылдық жоспарына сәйкес Алмалы аудандық «Төле би» мешітінде «Неке бақыты» тақырыбында жас отбасылармен кездесу өтті.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылмандардың иманы ең кемелі - мінез-құлығы ең көркемі. Ал сендердің жақсыларың - отбасына жақсы болғандарың», - деген хадис негізімен Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Баубек Бектұрғанов «Төле би» мешітінің жамағаттары, ерлі-зайыпты жұптармен кездесуде исламдағы отбасылық өмір қағидаттарына кеңінен тоқталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі