«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНІҢ ШӘКІРТТЕРІ ШАХМАТТАН ЖАҢА РАЗРЯДҚА ӨТТІ
Алматы қаласы, Алатау ауданы «Бекет ата» мешітінде балалардың интеллектуалды өрісін кеңейтуге арналған шахмат, ағылшын тілі, математика және робототехника курстары сәтті жүргізіліп келеді.
Өткен бір жыл уақыт ішінде курсқа қатысушы жас дарындар талай қуанышты нәтижелермен көрсетуде. Сондай кезекті жеңістің бірі мешіттің 3 шәкірті шахматтан 4-ші спорттық разрядқа сынақ тапсыруға қатысты. Ой жарысы тартысты әрі тартысқа толы өтіп, кішкентай жүйріктердің ішінен Бектұрған Ажар мен Сұлтан Санжар өзгелерден озық шығып, 4-ші спорттық разрядты иеленді. Балалардың бұл жетістігі талмай ізденген еңбегінің, ұстаздардың берген терең білімінің жемісі.
Мешіт жанынан балалар дамуына жағдай жасап, арнайы курстар ұйымдастырған дін қызметкерлеріне ата-аналар зор алғысын жеткізуде. Шәкірттердің бұдан да биік белестерді бағындырып, ақыл-парасатымен еліміздің мақтанышына айналатынына сеніміміз мол.
Жеңістерің құтты болсын, жас дарындар! Білім мен ғылым жолындағы қадамдарың әрдайым сәтті болғай!






