АЛМАТЫДА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 18:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:59 07:21 12:02 14:56 16:38 18:00
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раджаб 1447
Миләди
09 қаңтар 2026

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА РАМАЗАН АЙЫНА ОРАЙ БРИФИНГ ӨТТІ

Бүгін Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде «Рамазан - нұр шашқан ай» тақырыбында брифинг өткізді. 

Рамазан айына орай өткізілген баспасөз мәслихатына Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы, Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әлімбек Айдарбекұлы, Орталық мешіттің наиб имамы Бауыржан Көптілеуов, «Әл-Ләтиф» мешітінің бас имамы Қанатәли Бақытұлы қатысты.

24 ақпан күні елордада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді. Аталмыш баспасөз мәслихатында биыл Рамазан айы 1 наурызда басталып, 29 наурызда аяқталатындығын жариялады. Наурыздың 26-нан 27-не қараған түн – Қадір түні. 30 наурыз – ораза айт мерекесі. Демек, биыл оразаны 29 күн етіп ұстаймыз. Пітір садақа мөлшері – 655 теңге болып бекітілді.

Бұл даталар – ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе бекітілген болатын.

Шаһардың бас имамы Төлеби Оспан: «Рамазан айының алдында Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылман жұртшылығына былай деп насихат айтқан: «Уа, адамдар! Сендерге ұлық, берекелі ай келіп жетті. Бұл айда мың айдан артық Қадір түні бар. Алла осы айда ораза ұстауды парыз етті, ал түндеріндегі намазды қосымша құлшылық етті. Рамазанда Аллаға бір ізгі қасиетпен жақындаған жан басқа уақытта парыз амалын орындағанға тең. Ал, парыз амалын орындаған адам басқа уақытта жетпіс парызды атқарғандай (сауап иеленеді). Бұл – сабырлық айы. Ал сабырдың сыйы – жәннат. Рамазан – өзара жанашырлық айы. Ораза айында мүміннің ырзық-несібесі еселенеді...», - деп сүйіншілеген сөзін жеткізді. Сонымен қатар қала бойынша қасиетті рамазан айына орай дайындық жұмыстарын баяндады.

Атап айтсақ, 

Үздік безендіру байқауы

Қасиетті айдың сән-салтанатын арттырып, қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында Алматыда мешіттері арасында «Рамазан нұр шашқан ай» атты үздік безендіру байқауы жарияланды.

 Байқау шарттары:

  1. Рамазан айында мешіт аулаларын безендіру;
  2. Безендіру жұмыстарында қазақи нақышты қолдану;
  3. Мешіттің ішкі-сыртқы және дәретханасының тазалығын қамтамасыз ету;
  4. Мешітте оразаға қатысты ақпараттардың болуы;
  5. Ауызашар беретін орындарды безендіру;
  6. Байқауға Алматы қаласында орналасқан мешіттер ғана қатыса алады.

Ескерту: Байқауға қатысатын мешіт безендіру жұмыстарын видеоға түсіріп, Алматы Орталық мешітіне жолдайды. Орталық мешіттің «Аzan.kz_1» инстаграм парақшасына видеоны салып, оқырмандардың дауыс беруі мен комиссияның шешімі арқылы жеңімпаз мешіт анықталатын болады.

 

Ақпараттық-насихат жұмыстары

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дамуын айқындайтын жиында дін мәселесін көтеріп: «Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет», - деп атап өткен болатын. Осыған орай, қасиетті рамазан айында мешіттерге халықтың көп жиналатындығын ескеріп, дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеуге арналған дәрістер, ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

 

Сондай-ақ, Рамазан айы наурыз айына тұспа тұс келгендіктен бас мүфти бастамасымен мешіттерде ұлттық бағыттағы бірқатар шаралар ұйымдастырылады.

Бірінші кезекте қалада 28 ақпаннан бастап, «Жарапазан» айту дәстүрі басталады. Мақсат – ораза айында дін мен дәстүрдің сабақтастығын дәріптеп, кенжелеп қалған дәстүрімізді жаңғырту. Мешіттердегі ауызашар кезінде халыққа ұлттық тағамдар ұсынылатын болады. Осы сәтті пайдаланып, барша алматылықтарды ауызашар мәзіріне ұлттық тағамдарды қосуды ұсынамыз.     

Бас мүфти үндеуіне үн қосу

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазрет кәсіпкерлерді, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, азық-түлік пен түрлі тауарлардың бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға шақырды. Халқымызда: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің», - деген даналық бар.  Сондықтан барша алматылық кәсіпкерлерді осы үндеуге үн қосуға шақырамын.

Рамазан айында мүмкіндігінше құдайы астарды кешкі ауызашар уақытында ұйымдастырылса, нұр үстіне нұр болар еді.

Рамазан оразасы – балиғат жасына толған, ақыл-есі дұрыс, жолаушы емес әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз. Бұл оразадан мына кісілер уақытша босатылады. Олар: Жолаушы адам, науқас кісі, емізулі ана, жүкті әйел және әйел кісілердің қонағы келгенде. Ал енді, қарттығына байланысты ұстай алмайтын кісілер мен созылмалы ауруға шалдыққандар мүлде босатылады. Алайда, ол кісілер фидия береді. Егер фидия беруге шамасы жетпесе, пітір садақа мөлшерімен беруіне де болады.

Алматы қаласы дін істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әлімбек Айдарбекұлы рамазан айында қала тұрғындары мен мешіт жамағатының қауіпсіздік шараларын сақтап, жол кептелісін болдырмауға шақырды.

 

Имамдар брифингте БАҚ өкілдерінің оразаға қатысты түрлі сұрақтарына жауап берді.

 

 

Алматы өкілдігі бойынша баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Тақырып бойынша жаңалықтар

БАС МҮФТИ АРДАГЕР ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН 35 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬМЕН МАРАПАТТАДЫ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 35 жыл толуына орай Алматы қаласы, Нұр-Мүбәрак мешітінде ардагер дін қызметкерлерімен кездесу өтті.
АЛАТАУ АУДАНЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты «Нұр» мешітінде «Тәуелсіздік - тұғырым» атты семинар өтті.
ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ТҰҢҒЫШ РЕТ «КӘҺФ» ЖӘНЕ «РАХМАН» СҮРЕЛЕРІНЕН ЖАТҚА ӘРІ ТӘПСІРІ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ
ҚМДБ 35 жылдық мерейтойына орай және ҚР Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» мешітінде тұңғыш рет Құран Кәрімнің «Кәһф» және «Рахман» сүрелері бойынша жатқа оқу және тәпсір айту сайысы өтті....
«НҰРЛЫТАУ» МЕШІТІНДЕ КІТАПХАНА БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ
Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінде жамағатқа арналған кітапхана бөлімі ашылды. Мұнда ҚМДБ «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптар жинақталып, қолдануға қолжетімді етіп орналастырылды....
ТҮРКСІБ ЖӘНЕ НАУРЫЗБАЙ АУДАНДАРЫНЫҢ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН БАСҚОСУ ӨТТІ
Түрксіб және Наурызбай аудандарының діни қызмет барысын жетілдіруге арналған мәжіліс өткізілді.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Үстіміздегі жылдың 19 ақпан күні ҚМДБ Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша жат діни ағымдардың алдын алуға жауапты маман, “Орбита-3” мешітінің наиб имамы Азамат Нұғманұлы ҚР ІІМ ҚАЖ №11 Түзеу мекемесінің қызметкерлерімен кездесті....
ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ
Бостандық ауданы "Нұр-Мүбарак" мешітінің ұйымдастыруымен  “Ислам және отбасы құндылығы” атты тағылымды семинар өтті.
«БЕКЕТ АТА» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Алатау ауданы Бекет ата мешітінде «Мұсылманның сипаты» атты тақырыпта жастармен кездесу өткізілді.
РАМАЗАН 2025: ОРТАЛЫҚ МЕШІТТЕ ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАСАЛЫНДЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының ұйымдастыруымен Рамазанға дайындық апталығы барысында Орталық мешітте тазалық жұмыстары жасалды.
УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫНДА ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ (ФОТО)
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ұйымдастырған «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» ІІ республикалық уағызшылар форумында имамдарға арнайы семинар өтті....
ЕЛОРДАДА ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ УАҒЫЗШЫЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ (ФОТО)
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қоғамда ізгілікті насихаттаудың мәдениеті» ІІ Республикалық уағызшылар форумы өтті.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Раджаб 1447
Миләди
09 қаңтар 2026
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 18:00

Бамдатқа дейін 01:17

22 урок: О дополнительных земных поклонах

Ассаламу алейкум, я не автор поста, но мне кажется, что разница в том, что:1. в первом случае, молящ

Ерсайын
кеше

04. Ощущения

Ассаламу алейкум. Да, этот материал требует уже некоторой базы. Медресе старших курсов, или учеба в

Администратор Azankz
22 жел. 2025

Урок 126. Глава 13. 129 хадис

Да конечно, без проблем!

Al Almaty
8 жел. 2025

Урок 23: Переселение в Медину

(++++++++++)

Амир Холматов
6 жел. 2025

Назначен новый руководитель отдела по делам религии и анализа ДУМК

Timely report — this article highlights the recent leadership change at a major religious-anal

X
26 қар. 2025
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi