«ӘЛ-АЗИМ» МЕШІТІНІҢ ЖАНЫНАН ҚАСАПХАНА АШЫЛДЫ
ҚМДБ Төрағасы Бас Муфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазреттің бастамасымен Алматы қаласы бойынша жүзеге асырылып жатқан игі жұмыстардың бірі ретінде Алатау ауданы «Әл-Әзим» мешітінің жанынан жаңа қасапхана ашылды.
Аталған қасапхана құрбандық және қайырымдылық мақсатында шалынатын малдарды шариғат талаптарына сай сою үшін қызмет көрсетеді. Бұл нысан мұқтаж жандарға арналған қайырымдылық жұмыстарын жүйелі түрде атқаруға мүмкіндік береді.
Жаңа қасапхананың ашылуы — мешіт жанындағы қайырымдылық қызметті нығайтып, құрбандық және садақа бағытындағы сауапты амалдардың тұрақты түрде атқарылуына жол ашатын маңызды қадам.
@waqf.kz
@waqf.invest
ҚМДБ УАҚЫП КОРПОРАТИВТІК ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚОРЫ
https://kaspi.kz/pay/uakyp




