«НҰРЛЫТАУ» МЕШІТІНДЕ КІТАПХАНА БҰРЫШЫ АШЫЛДЫ
Бостандық ауданы «Нұрлытау» мешітінде жамағатқа арналған кітапхана бөлімі ашылды. Мұнда ҚМДБ «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптар жинақталып, қолдануға қолжетімді етіп орналастырылды.
Иманды күшейтіп, білімді тереңдететін құнды еңбектер – кез келген мұсылманның рухани азығы. Күндіз қалаған уақыттарыңызда мешітке келіп, пайдалы кітаптармен сусындап, тыныш ортада білім алуға мүмкіндік бар. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді:
«Кім білім іздеу жолына шықса, Алла оған Жәннатқа апарар жолды жеңілдетеді» (Тирмизи)
«Білім – мұсылманның өмір жолына жарық түсіретін шам», - деп, ұйымдастырушы имамдар Нұрлытау мешітінің кітапханасы рухани тыныштық пен білім жолын іздеген әрбір жанға ашық екенін айтады. Білім – мұсылманның өмір жолына жарық түсіретін шам.




