«ӘКЕ МЕКТЕБІ - ОТБАСЫ ТІРЕГІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ

ҚМДБ Алматы қаласы бойынша өкілдігінің жылдық жұмыс жоспары негізінде Түрксіб ауданы «Абдулла» мешітінде «Әке мектебі – отбасы тірегі» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Асан Тілеубердиев қатысып, қасиетті Құран аяттары мен хадистердегі әке мен бала арасындағы шынайы қарым-қатынас үлгілерін сөз етті. Сонымен қатар қазақы салт-дәстүрдегі әке мәртебесі жайлы ой тарқатты. Семинарға Түрксіб ауданының бас имамы Ержан Үсенханұлы мен «Абдулла» мешітінің бас имамы Тыныштық Мырзабаев қатысып, Аллаға сүйікті істердің бірі - ата-ананы қадірлеп, оларға қамқорлық жасау екенін тереңнен түсіндірді. Аудандық мешіт имамдары мен ұстаздары және жамағат қатысқан жиында сұрақ-жауаптар алмасып, сүбелі ойлар мен ұсыныстар айтылды.
Алматы өкілдігінің баспасөз қызметі