ТӘУЕЛСІЗДІК ТӘҢІРДІҢ ТАРТУЫ
Алматы қаласының бас имамы Төлеби ОСПАН:
"Қадірлі қазақ елі, баршаңызды Алла Тағаланың халқымызға берген теңдессіз сыйы – тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Мерейлі мерекеміз құтты болсын! Отбасыларыңызға бақ пен береке, бірлік пен татулық тілеймін.
Халқымызда «Егеменді ел көрікті, бетегелі бел көрікті» деген нақыл сөз бар. Аллаға шүкір, тәуелсіздігіміздің арқасында мешіттеріміз ашылып, медреселеріміз бой көтерді. Қастерлі де тұғыры биік Тәуелсіз елімізде руханият дамып, дәстүрлі ислам кеңінен қанат жайып келеді. Алла Тағала еліміздің өркендеуі мен жеріміздің көркеюі жолында ауызбіршілік танытуда баршамызға табандылық пен тұрақтылық нәсіп еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болсын!"