«ҚАЛҚАМАН» ЖАМАҒАТЫ ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Наурызбай ауданы «Қалқаман» мешітінің ұжымы белсенді жамағатпен бас қосты.
Жиын басында «Қалқаман» мешітінің бас имамы Руслан Қамбар Тәуелсіздік жолында жанын құрбан еткен ата-бабалар рухына Құран бағыштады. Сонымен қатар мешіт жамағатын Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, осы жылы «Қалқаман» мешітінің жөндеу жұмысына атсалысқан азаматтарға Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәлілұлының атынан алғыс хат пен сыйлық табыстады. «Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Қала ішінде Аллаға ең ұнамды жер – мешіттер» деп мәні мен мағынасы терең ой айтқан. Өйткені, мешіт біздің қоғамның рухани дамуында маңызды рөл атқарады. Осы орайда Сізге Алматы қаласындағы «Қалқаман» мешітіне қолдау білдіріп, жанашырлық танытқаныңызға шынайы алғысымды білдіремін!», - делінген алғыс хатта.
Дастархан басында мешіт имамы Руслан Қамбар «Отбасы құндылықтары. Әке мектебі» тақырыбы аясында ой бөлісті.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі