ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНДЕ АЛАТАУ МЕШІТТЕРІ АС ӨТКІЗДІ
Алатау ауданы мешіттерінде Тәуелсіздік күніне орай Еске алу асы беріліп, құран бағышталды.
Алатау ауданы бойынша ақсақалдар төрағасы бастаған бір топ қариялар «Бекет ата» мешітінде Тәуелсіздік құрбандарына арнап өткізілген асқа қатысты. Игі шарада уағызшы-ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы насихат айтып, жамағатты қоғамға ізгілік іс пен қайырымдылық жасауға шақырды. «Бекет ата» мешітінің бас имамы Амантай Садиев жамағатты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ақсақалдар ел амандығы мен тыныштығы үшін баста жасады. Сондай-ақ ауданға қарасты «Мәдениет» мешітінде жамағатқа көк байрақ таратылып, Тәуелсіздік құрбандарына құран бағышталды.
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі