ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Есик Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаратау Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:09

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:25 06:40 12:09 15:48 17:32 18:48
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Рамазан 1447
Миләди
20 ақпан 2026

Azan.kz сайтының статустары

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

Қазақстан мұсылмандары діни

басқармасының төрағасы, Бас мүфти 

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса рақымды, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Барлық мақтау әлемдердің Раббысы Аллаға тән! Ардақты Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын!

Ардақты ағайын, қадірлі жамағат!

Сіздерді исі мұсылман баласы асыға күтетін, он екі айдың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала қасиетті айда ұстайтын оразамызды, ізгі амалдарымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай.

Ораза – ең алдымен жүректің амалы. Рамазан – жүректі тазартуға, ниетті түзетуге, нәпсіні тәрбиелеуге және тақуалыққа жетуге мүмкіндік берілген қасиетті ай. Оразаның шынайы рухын түсінген адам ас пен судан тыйылуды басты мақсат етпейді. Ауыз бекітудегі негізгі мақсат – жүректі Аллаға жақындатып, ой мен жүректі түрлі дерттен тазалау, ішкі жан дүниені көркем мінезбен безендіру.

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың назары жүректе болатындығын баяндап: «Расында Алла Тағала сендердің бейнелерің мен дүниелеріңе назар аудармайды, алайда жүректерің мен амалдарыңа назар аударады», – деген. Шын мәнінде оразаның шынайы сауабы – аштықта емес, тақуалықта.

Өйткені Алла Тағала қасиетті Құранда «Бақара» сүресінің 183-аятында: «Уа, иман еткендер! Өздеріңнен бұрынғыларға парыз етілгендей сендерге де ораза ұстау парыз етілді. Бәлкім, сол арқылы (асау нәпсіні тізгіндеп), күнә атаулыдан сақтанып, тақуалыққа жетерсіңдер», – деп айтқан.

Сан ғасырдан бері Ислам дінін рухани тірегі еткен халқымыз берекелі Рамазан айын ерекше дайындықпен күтеді. Сауаптар еселеніп жазылатын айда ауызашар беріп, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасап,үлкендердің алғысы мен батасын алуға тырысады. Аллаға шүкір, оразада игі ниетпен орындалатын ізгі амалдар бүгінде салт-дәстүрімізге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Осы ретте барша отандастарымды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қасиетті айда ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларына үлес қосуға шақырамын. Кәсіпкерлерді әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасына жеңілдік жасауға үндеймін. Рамазан айына тура келген құдайы астарды ауызашар уақытында өткізіп, көбірек сауап алуға тырысайық.  

Қоғамдық тамақтану орындарында ауызашар мәзірін халыққа ыңғайлы бағамен ұсыну да – сауапты істің бірі. Дүкендерде күллі жамандықтың бастауы болған арақ-шарап сатылмаса деген тілегімізді жеткіземіз. 

Берекелі, сауабы мол айда Алланың мейіріміне бөленіп, әрбір ізгі амалымыздың жақсылығы еселеніп жазылғай! Еліміз аман, жеріміз тыныш, тәуелсіздігіміз баянды болғай! Жаратушы Жаббар Иеміз келер жылғы Рамазан айына аман-есен жетуімізді нәсіп еткей! Әумин!

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы
Тегтер: рамазан2026

Оқырмандардың пікірі (0)

Тақырып аясындағы мақалалар

ЖАРАПАЗАН МӘТІНІНЕ БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАНАДЫ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен бірнеше жылдан бері қасиетті Рамазан айы қарсаңынд...
«ШАҒБАН - РАМАЗАНҒА РУХАНИ ДАЙЫНДЫҚ» ЖАЙЛЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Нұр-Мүбарак мешітінде қасиетті Рамазан айына дайындық аясында жамағатқа арналған рухани кездесу өтті...
«РАМАЗАН НҰР ШАШҚАН АЙ» ҮЗДІК БЕЗЕНДІРУ БАЙҚАУЫ
Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ел аумағында қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде атап өтуге қаты...
ҚМДБ: БИЫЛ ПІТІР МӨЛШЕРІ 735 ТЕҢГЕ БОЛЫП БЕЛГІЛЕНДІ
Бұл туралы ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы Рамазан айына орай өткен Төра...
«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ БОЙЫНША ОРТАЛЫҚ МЕШІТ АУЛАСЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
Алматы Орталық мешітінде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық тазалық акциясы аясында мешіт ауласын тазалау ...
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫН ТҮСІНДІРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Алматы Орталық мешітінде әйел ұстаздарға мүфтият бекіткен бағдарлық баяндама негізінде 2026 жылға ар...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
2 Рамазан 1447
Миләди
20 ақпан 2026
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:09

Екінтіге дейін 02:47
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi