Меккедегі «Қазақ тақиясы»
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Ақшам 18:18
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:19 05:36 12:00 16:26 18:18 19:35
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024

Мақалалар

Меккедегі «Қазақ тақиясы»

| A | +

Керекулік молда атамыз Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің ертеде жазған «Қазақ шежіресі» атты еңбегі бар. Онда қазақтардың қажылық сапарға қай кезден бастап барғаны жайлы мәлімет келтіреді.

 

Мәшекеңнің айтуынша, ең алғашқы қажы уақ Нүркен деген адам екен. Екінші рет 1858-ші қой жылы күлік Самай сопы мен ноғай Байжан хазірет қажылыққа барып, сол жақта өлген. Осы сөзді жазып отырған Мәшһүр Жүсіп мен дәл сол жылы туыппын (1858), қазір 70 жас­тамын, дейді. Ал үшінші рет 1874 жылы тобықты Құнанбай, айдабол Қишыл Қыстаубай, атбасарлық Егізек, Жанайдар, құлан қыпшақ Шонтыбай бастаған Орта жүзден 20, Кіші жүзден Досжан халфе, Нұрпейіс хазірет бастаған 100 адам барды, дейді. Бұл қазақтың ескі есебі бойынша қаракиік жылы екен.

 

Мәшекеңнің жазуына қарағанда, Мек­кеге үшінші рет барған қажылар әуелі қазақтың маскүбін (мәсхабын) анықтатып, одан кейін орталарынан расход шығарып, бола­шақта қажыға келген қазақтар тұрақ­тайтын «Қазақ тақиясы» атты қонақүй салдырып, оны Құнанбай қажының атына жаздырған. Кейін қонақүйді орманшы Хасен шайқы даулап алған, одан кейін тоқал арғын Ешмұхамед даулаған, бұл күнде тақия Досжан халфенің атында екен, дейді (М.Көпейұлы. Қазақ шежіресі, Алматы «Жалын». 1993 ж. 11-б). Мәшекең «осыны жазып отырған мен 70 жастамын» деге­ніне қарағанда, тақияның Досжан хал­фе атына жазылуы 1928 жылы іске асқаны.

 

Қонақүйді 1905 жылы қараша айында қажылыққа аттанып, 1906 жылдың 28 наурызында қасиетті сапардан оралған Шәкәрім Құдайбердіұлы өз көзімен көрген. Қажының баласы Ахат Шәкәрімұлының естелігінде: «Қасиетті Мекке қаласына барған Шәкәрім атасы Құнанбай басшылығымен салынған тақияны (тәкиені) іздеп, тауып барады. Бiрақ «менен бұрын басқа қажылар кiрiп қалған екен. Оларды ренжiтпей, пәтер алып түстiм» дейді қажы (Ахат Шәкәрiмұлы. Қажылық сапары // Абай. – 1994. – № 9. – 37 б.).

 

Мекке сапары жайлы және атасы Құ­нан­бай туралы жазған Шәкәрімнің «Атам жайлы айтсам» деген естелігі бар. Осы жазбада қажы: «Құнанбай атам 1874 жылы қажыға барғанда қазақтар түсетін Меккеде бір тақия үй сатып алып, құдайы қылып еді. Мен пақыр 1905 жылдан 1906 жылға қарай қажыға барғанда тақияны көрдім. Кіші жүзден Сұлтан деген ғалым жігіт ие болып тұр екен. Басында қажы марқұмның қойған күтушісі Қанатбай сопы еді. Ол кісі өлген соң кемпірі қолын­дағы жиен қызын Сұлтанға беріп, тақияға ие қылыпты. Бірақ Сұлтан айтты: тақияға мен иелік қылғанмен бұл күнде ол Кіші жүз Досжан қажының атында жазулы тұр» деген деректі алға тартады.

 

Келесі бір дерекке назар аударайық. 1937 жылы Алтай-Шәуешек өлкесінен бір топ қазақ қажылыққа барған. Осы­лардың ішінде 15 жастағы бозбала, кейін түркия­лық ақсақал атанған Дәлелхан Жаналтай болған. Осы кісі өзінің 2000 жылы Алма­тыда жарық көрген «Қилы заман – қиын күндер» атты естелігінде, Меккеге келген бізді өзбек Абдулла Бұхари деген адам қабыл алып, қаладағы қазақтардың дәлелі (күтіп алушысы) Құсайын Сұружи деген адамға тапсырды. Ол кісі бізді бұрыннан бері қазақтар түсетін қонақүй – қазақ тақиясына әкелді деп еске алады.

 

Дәлелхан атамыз 1950-жылдары туған жерін тастай көшіп Үндістанға ауып келеді. 1955 жылы Үндістан атынан екінші рет қажылыққа барады. Осы сапарында атамыз 1937 жылы әкесімен бірге түскен қазақ тақиясын көргенін, бірақ бұларды Зәйни Көшек деген түрік дәлелі қабылдағандықтан бара алмағаны жайлы жазып, «мен барғанда қонақүйдің бұрынғы дәлелі Құсайын Сұружи қайтыс болып, інісі Абдулла Сұружи ие болып отыр екен» дейді (Д.Жаналтай. «Қилы заман – қиын күндер». – Алматы: ДҚҚ, 2000 ж. 125-б). Жоғарыдағы деректерге қарағанда 1955 жылдары «Құнанбай тақиясы» аман-есен тұрғаны анық.

 

Жуықта тағы бір деректің ұшығы шық­­ты. Өткен жазда умра қажылық парызын өтеуге барған астаналық Жандос Қоныспаев деген жас азамат Ауғанстанда дүниеге келіп, Меккеде ержеткен Иса деген қазақ баласымен танысады. «Исаның тағдыры әркімнің маңдайына жазы­ла бермейтін оқиғаларға толы. Бала кезін­де зәмзәм бұлағының басында шомы­лып өсіпті. Ол кезде зәмзәмнің бұла­ғы Ибраһим мақамының тұсында екен… Көз ашқалы Меккеде өскендіктен көп нәрсеге қанық, шаһар тарихын да жақсы білетін боп шық­ты», дейді Жандос Абумуталифұлы.

 

Екеуара әңгіме барысында Иса бауырымыз: «Менің бала кезімде, яғни 1980- жылдары Әл-Харам мешітіне жақын орна­лас­қан қазақ тақиясына барып, ішіне кіріп үнемі дәрет жаңартатын едім. Қасында өзбек, ұйғырлардың да дәлелі (өкілдігі) бірге еді. Ана екеуіне қарағанда, қазақ дәлелі үлкен әрі еңселі көрінетін. Кейін арабтар байып кетіп, сол маңдағы жатаған үйлердің бәрін күреп тастап жаңадан биік қонақүйлер салды» демесі бар ма.

 

Мына жаңалыққа елең еткен азаматтар «Сен көрген қазақ тақиясы қай жерде орна­ласқан еді?» деп сұрайды ғой. Иса: «Әл-Харам мешітінен алыс емес жерде «Сұқ Сағир» деп аталатын шағын аумақ болды. Осы ауданның мешітке қараған бетін­­де тақия тұратын. Дәл қазір тақияның орнын­­да «Дар әл-Тауһид» атты қонақүй тұр».

 

Ал мына бір сурет ертеректе тү­сіріл­ген «Сұқ Сағир» ауданының мешітке қара­ған аумағы екен. Яғни, Иса бауыры­мыз айтып отырған тұспал осы. Суреттегі жыпырлатып ретсіз салынған көне үйлер­дің бірі «Қазақ тақиясы» болуы әбден мүмкін. Өйткені тақияның орнына салынған «Дар әл-Тауһид» қонақүйі дәл осы жерде. Әл-Харам мешітіне іргесі тиіп тұр. Қалай десек те,­ ­Құнекеңдер қазығын қадаған қазақ тақия­­сының сорабы бертінге дейін сақ­тал­ған көрінеді.

 

Бекен Қайратұлы

egemen.kz

Предыдущий Следующий
«Жәннатқа кірген күннің өзінде Сені көре алмай қаламын ба деп қорқамын?!.» Отырар өлкесінің ойшылы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам тарихы XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ медреселері
Оқу-ағарту жұмысы Қазақ жерінде ерте заманнан басталған. Әсіресе, отырықшыланған аймақтарда орта ғасырлардың өзінде-ақ (VII-VIII ғ.ғ.) көптеген оқу орындары мен медреселер жұмыс істеген. Атақты Әбу Наср әл-Фараби Отырар медресесінде, Махмұт Қашқари, Жүсіп Баласағұни, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Ясауи...
Ислам тарихы САДУМ қалай құрылды?
Болашақ бағдарын анықтауда түп-тұқиянымыздан тартып, ұлтымыздың өткен өмір өткелдеріне көз жүгіртіп, қазіргі кейіп-кеспірімізді ой-електен өткізе келіп, келер күннің бет-алысын долбарлау кәдуілгі табиғи ой-өріс екені белгілі. Алайда жасампаздық пен ілкімді адымға тұздық болатын идеялар өткеннің қайн...
Ислам тарихы Ғарышқа ұшқан мұсылмандар
1. Сұлтан бин Салман бин Абдулазиз әл-Сауд 1956 жылы 27 маусымда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында дүниеге келді. Ол Сауд Арабиясы Корольдік Әуе күштерінің ұшқыш-полковнигі болған. ...
Ислам тарихы Әлемдегі ең атақты Ислам университеттері (ФОТО)
Ілім жолына түскен талапкерлер мен көзі қарақты оқырмандар назарына әлемдегі ең атақты Ислам университеттерінің тізімін ұсынамыз.
Ислам тарихы Фоторепортаж: Қағба есігінің көне жапқыштары
Қадірлі оқырман! Бүгін назарларыңызға Қасиетті Қағбаның есігіне әртүрлі дәуірлерде жабылған жапқыштардың фото-галереясын ұсынамыз. Бұл көне жапқыштарға жіті назар салған жан тігіншілердің өнері мен шеберлігіне тәнті болып, Қағбаның тылсым тарихынан сыр ұққандай күйге бөленері хақ.    ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Рамазан 1445
Миләди
29 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Ақшам 18:18

Құптанға дейін 01:16

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi