ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙДЫҢ БІРІ – ШАРАПАТТЫ ШАҒБАН
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 21:02
Үшарал
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Үшарал
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:22 04:07 11:46 17:00 19:18 21:02
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Мухаррам 1446
Миләди
25 шілде 2024

Мақалалар

ҚАСИЕТТІ ҮШ АЙДЫҢ БІРІ – ШАРАПАТТЫ ШАҒБАН

| A | +

Мұсылмандар үшін қасиетті саналатын үш айдың бірі Шағбан айы. Шағбан айының берекеті мол болып табылады. Сөздікте «таралу, топ-топқа бөліну» деген мағынаны білдіретін «шағб» түбірінен шыққан Шағбан – жылдың Ережептен кейінгі, Рамазаннан бұрынғы айының атауы.

Шағбан айында жасалған құлшылықтардың сауабы еселеп жазылады. Шағбан арабтың бес әрпінен «шин, айн, бә, әлиф, нун» тұрады. «Шин» - Алла Тағаланың шарапаты, «айн» - дәрежесінің көтерілуі, «бә» - Алланың жақсылығы, «әлиф» - Хаққа жақындау, «нун» - Алланың нұры. Қамари ай санауы бойынша сегізінші ай. «Көптеген жақсылықтардың бастауы» деген мағынаға ие «шағбан» сөзімен аталған қасиетті ай Ережеп айының бітуінен хабар беріп, Рамазанның жақындағанын сүйіншілейді. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережептен кейінгі кезекте Шағбан айына аса мән берген.

اللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي رَجَبٍ وَشَعْبَانَ وَبلغنا رَمَضَانَ

«Алла Тағалам, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр. Бізді Рамазанға аман-есен жеткіз», – деген дұғасын жиі айтатын. Қасиетті Шағбан айына белгілі бір дайындық жасаудың мәні аса зор. Өйткені, Әбу Әмәмә әл-Бәһилиден (р.а.) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Шағбан айы кіргенде, өздеріңізді тазалаңыздар және ниеттеріңізді дұрыстаңыздар», – деген. Бұл айдағы сауабы мол құлшылықтың бірі − ауыз бекітіп, нәпіл ораза ұстау. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Шағбан айының басым бөлігін ораза ұстаумен өткізетін болған. Шағбан айындағы Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өнегелі өмірінен Айша анамыз (р.а.) былайша баяндайды:

وَعَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اَللَّهُ عَنْهَا قَالَتْ: كَانَ رَسُولُ اَللَّهِ صلى الله عليه وسلم يَصُومُ حَتَّى نَقُولَ لَا يُفْطِرُ، وَيُفْطِرُ حَتَّى نَقُولَ لَا يَصُومُ، وَمَا رَأَيْتُ رَسُولَ اَللَّهِ صلى الله عليه وسلم اِسْتَكْمَلَ صِيَامَ شَهْرٍ قَطُّ إِلَّا رَمَضَانَ، وَمَا رَأَيْتُهُ فِي شَهْرٍ أَكْثَرَ مِنْهُ صِيَامًا فِي شَعْبَانَ

«Алланың елшісі кейбір айлардың көбінде ораза ұстайтын. Тіпті, оны бұл айда мүлдем ауыз ашпады деп те, ойлайтынбыз. Кейбір айлардың көбінде ауыз ашатын. Тіпті, біз оны бұл айда ешбір ораза ұстамады дейтін едік. Алла Елшісінің Рамазан айынан басқа айда толық ораза ұстағанын, сондай-ақ, Шағбан айындағыдай көбін оразамен өткізгенін көрмедім».

لَمْ يَكُنِ النَّبِىُّ - صلى الله عليه وسلم - يَصُومُ شَهْرًا أَكْثَرَ مِنْ شَعْبَانَ، فَإِنَّهُ كَانَ يَصُومُ شَعْبَانَ كُلَّهُ، وَكَانَ يَقُولُ:  خُذُوا مِنَ الْعَمَلِ مَا تُطِيقُونَ، فَإِنَّ اللَّهَ لاَ يَمَلُّ حَتَّى تَمَلُّوا، وَأَحَبُّ العَمَلِ إِلَى اللهِ مَا دَاوَمَ عَلَيْهِ صَاحِبُهُ وَإِنْ قَلَّ

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) (Рамазаннан тыс) басқа айларға қарағанда Шағбан айында көп ораза ұстап, былай дейтін: «Сауапты амалдардан шамаларың жететінін жасаңдар. Өйткені, сендер жалықпасаңдар болғаны Алла сендерге ешқашан жалыққандай сыңай танытпайды. Алла Тағала қабыл алатын ең жақсы амал − аз болса да, үзбей жасалған амал». Бірде саңлақ сахабалардың бірі Усама (р.а.) Шағбан айында көп ораза ұстауының сырын білу үшін:

 يَا رَسُول اللَّه، لَمْ أَرَك تَصُومُ مِنْ شَهْر مِنْ الشُّهُور مَا تَصُوم مِنْ شَعْبَان , قَالَ: ذَلِكَ شَهْرٌ يَغْفُلُ النَّاس عَنْهُ بَيْنَ رَجَبٍ وَرَمَضَان , وَهُوَ شَهْر تُرْفَعُ فِيهِ الأَعْمَال إِلَى رَبّ الْعَالَمِينَ، فَأُحِبُّ أَنْ يُرْفَعَ عَمَلِي وَأَنَا صَائِمٌ

«Уа, Алланың елшісі, дәл Шағбан айында жиі ораза ұстағаныңыздай басқа айда мұншалықты ораза ұстағаныңызды көрмедім», – деп сұрағанда: «Шағбан – адамдардың басым көпшілігінің Рамазан мен Ережеп айларының ортасында мән бермей кететін айы. Бұл айда амалдар Алла Тағаланың құзырына көтеріледі. Мен де амалдарымның ораза ұстаған кезімде Алланың құзырына көтерілгенін қалаймын», – деген жауап естіген. Ал, Әнас (р.а.): «Алла Елшісінен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Рамазаннан кейін  қандай  ораза маңызды?» – деп  сұрағанда,  Ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):  «Рамазанға құрмет ретінде Шағбан айында ұсталған ораза», «Қай садақа абзал?», –дегенде, «Рамазан айында берілген садақа», – деп жауап берген». Хадистерге жүгінсек, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Шағбан айында парыз намаздарымен қатар нәпіл ғибадаттарын көбейтіп, Алланың көркем есімдерін мадақтап, зікір етіп, шүкіршілігін арттырып, кедей-кепшікке садақа берген. Сахабалар да бұл айда құлшылыққа жаңаша құлшыныспен кірісетін болған. Нәпіл құлшылықтарына көңіл бөліп, жалбарына кешірім тілеп, жоқ-жітікке қарасатын. Жетім, жесір, жалғызілікті кісілерге көмектесіп, қарттардың көңілін аулайтын.

Сондай-ақ, бұл айдың ерекшелігінің бірі – Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көп салауат айту. Себебі, хадисте: «Ережеп – Алланың айы, шағбан – менің айым, рамазан – үмбетімнің айы», – деп, Ережеп айында кәлиманы, шағбанда салауатты, рамазанда Құранды көп оқу керектігі жөнінде ескерткен еді.

Шағбан айында сауаптар еселеніп қана қоймай, күнәлардың кешірілуі мен дұға-тілектердің қабыл болу мүмкіндігі молая түседі. Себебі шағбан айындағы елеулі де ерекше сәттердің бірі – Бәраат түні. Яғни қасиетті шағбан айының 15-і  – Бәраат түні. Бұл түні құбыла Құдыс қаласындағы Ақсай мешітінен Меккедегі қасиетті Қағбаға қарай өзгерген. Бәраат түнін «күнадан тазару және кешірім түні» деп те атайды. Ислам ғұламалары Бәраат түнін Рамазан айындағы Қадір түнінен кейінгі ең ұлық түн деп есептеген. Бұл түн – періштелер жер бетіне түсетін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Сондықтан бұл түнде Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көп салауат, Алладан біліп-білмей істеген күналарымыздың кешірілуін тілеп (истиғфар), дұға, ғибадат, құлшылықпен өткізген абзал. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):

عَنْ عَلِيِّ بْنِ أَبِي طَالِبٍ قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَانَتْ لَيْلَةُ النِّصْفِ مِنْ شَعْبَانَ فَقُومُوا لَيْلَهَا وَصُومُوا نَهَارَهَا فَإِنَّ اللَّهَ يَنْزِلُ فِيهَا لِغُرُوبِ الشَّمْسِ إِلَى سَمَاءِ الدُّنْيَا فَيَقُولُ أَلَا مِنْ مُسْتَغْفِرٍ لِي فَأَغْفِرَ لَهُ أَلَا مُسْتَرْزِقٌ فَأَرْزُقَهُ أَلَا مُبْتَلًى فَأُعَافِيَهُ أَلَا كَذَا أَلَا كَذَا حَتَّى يَطْلُعَ الْفَجْرُ

«Шағбан айының жартысы толған түнді құлшылықпен (мағынасы мен маңыздылығына сай) өткізіңдер. Күндіз ораза ұстаңдар. Өйткені, Алла Тағала күн ұясына батқан шақта: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру-сырқауға ұшыраған бар ма, шипасын берейін», – деп, таң шапағы атқанға дейін рақымын төгеді», – дей келе,

يَطَّلِعُ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى عَلَى خَلْقِهِ لَيْلَةَ النِّصْفِ مِنْ شَعْبَانَ، فَيَغْفِرُ لَهُمْ كُلِّهِمْ إِلاَّ لِمُشْرِكٍ أَوْ مُشَاحِنٍ

«Алла Тағала Шағбан айының он бесінші түні (Бәраат түні) жер бетіне мейірім жаудырып, Өзіне серік қосқандар мен ата-анаға қарсы шыққандардан басқаларды кешіреді», – деп те айтқаны бар. Қай жағынан алып қарасақ та, құт пен берекеге толы бұл түнді мұсылман жұртшылығы «Бараат түні» деген атаумен ерекше мереке ретінде атап өтеді. Шағбан айын Рамазанға дайындық айы деуге болады. Сөз соңында берекеге толы Шағбан айын бекерге өткізіп алмай, күндіз ораза ұстап, түнде құлшылық жасаған дұрыс. Бұған қоса, сүйікті Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сансыз салауат арнаған жөн. Алла Тағала барша мұсылманға Шағбан айының берекесіне кенеліп, құлшылықтары арқылы тақуалыққа, иман ләззатын сезінуге бір табан жақындай түсуді нәсіп етсін!

 

 

«Таугүл» мешітінің бас имамы

Ернар Мәжен

 

 

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
КІСІ АҚЫСЫН ЖЕУ – ҮЛКЕН КҮНӘ ИТТІҢ МАЙЫН ДЕНЕГЕ ЖАҒУҒА БОЛА МА?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі ЕРЕЖЕП ​​– БЕРЕКЕЛІ АЙ
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти
Ислам күнтізбесі АШУРА КҮНІНДЕГІ АМАЛ
Ерте заманда арабтардың жыл санау жүйесі болмады. Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Меккеден Мадинаға қоныс аударған уақытынан бастап «һижра жыл санауы», яғни мұсылман жыл санауы басталады. Алла Тағала осы  жыл санауының  ішінде төрт айды аса құрметті етті. Олар -Зулқағда,Зу...
Ислам күнтізбесі ҚАСИЕТТІ АШУРА КҮНІ
Мұхаррам айында келетін Ашура күні - мұсылман тарихында айтулы күндердің бірі. Бұл айда мұсылмандар Меккеден Мәдина қаласына қоныс аударған.
Ислам күнтізбесі АЙТ - ШҮКІРШІЛІК МЕРЕКЕСІ
Рамазан құлшылық пен шүкіршілік, береке мен бірлік, мейірім мен қайырымдылық айы болса, ізінше тойланатын Ораза айт мейрамы – адамдардың көңіліне қуаныш сыйлап, жанын жадырататын ұлық мереке....
Ислам күнтізбесі ПРЕЗИДЕНТ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫ ОРАЗА АЙТПЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін күллі мұсылман қауымының қасиетті мерекесі Ораза айтпен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды....
Ислам күнтізбесі ҚАСИЕТТІ БАРААТ КЕШІ
Шағбан айында ерекше орны бар бір түн бар – ол Бараат түні, яғни «Оттан құтылу түні» деп аталады. Бұл түн Шағбан айының 14-нен 15-не қараған түні. Бұл, биыл  наурыз айының 17-нен 18–не қараған түне сәйкес келіп отыр. Осы түні жер бетіне Алланың ерекше бір мейірімінің түсетіндігі жөнінде хадистер бар...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
19 Мухаррам 1446
Миләди
25 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 21:02

Бамдатқа дейін 01:07

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi