Қазақтың төрт қазиі
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 12:00
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Қазақтың төрт қазиі

| A | +

Биыл – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) құрылғанына 30 жыл. Діни басқарма қалай құрылды? Бастауында кімдер тұрды?

 

Әсілінде Діни басқарма құру жайлы ұсыныс сонау 1906 жылдың көктемінде басталған еді. Сол кезде Алматыда Түркістан өлкесі мұсылмандарының І құрылтайы өтті. Құрылтайға 100-ге жуық делегат қатысты. Осы жиында діни басқарма құрудан бастап, мешіт мен медреселер салу, аймақтардағы дін қызметкерлерін сайлау секілді мәселелер көтерілді. Алайда ары қарай қолдау таппады. Аумалы-төкпелі заман болды. Переселендерді көшіру, отарлау саясаты, ұлт-азаттық көтерілістер, төңкерістер, бәрі де бұған мүмкіндік бермеді.

 

1917 жылы «Алаш» партиясы құрылған кезде де бағдарламасында Қазақтың жеке мүфтиятын құру, діни оқу орындарын қалыптастыру секілді мәселелер қамтылды. Мемлекеттік думадағы Мұсылман фракциясы (1906-1917) да бұл салада белсенді жұмыс атқарды. Мұсылман фракциясы құрамында қазақ депутаттарынан Ахмет Бірімжанов, Алпысбай Қалменов, Шәймерден Қосшығұлұлы, Темірғали Нұрекенов, Бақытжан Қаратаев болды. Олар мұсылман халықтарының мүддесін қорғау жолында аянбай қызмет етті. Билік тізгінін Совет одағы қолына алған кезде «Құдай жоқ» деген жаңа идеология дүниеге келіп, діни сенімге тұсау салынды.

 

Алайда... 1943 жылы Совет одағының мұсылмандарға деген «мейірімі оянды». Бұған не себеп болды? Әрине, Екінші дүниежүзілік соғыс. Бұл кезде жау әскері Сталинградқа жақындап қалған. Дәл осы кезде амалы құрыған Иосиф Сталин мұсылмандардан медет сұрады. Құдайсыздық идеясын шет жаққа ығыстырып қойды да, Ислам дініне қолдау білдіретін болды. Сөйтіп өзбектен шыққан дін білгірі Эшон Бабаханды Мәскеуге алдырып, артынша Тәшкенде мұсылмандар құрылтайын өткізіп, ортақ діни басқарма құру туралы бұйрық шығарды.

 

Құрылтай қабылдаған үндеу мұсылмандарды жауға тойтарыс беруге шақырды. «Зұлым басқыншыларға қарсы айбатты арыстандай шайқасыңдар! Барша халықтың ұлдары бір сапқа тұрып, жауыз фашисттерді жер бетінен жойып жіберіңдер!» деген үндеу мәтінінің өзі-ақ Сталин жүктеген тапсырманың қандай болғанынан хабар береді.

 

Осылайша 1943 жылдың 15-20 қазанында Ташкенттегі Э.Бабаханның үйінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерінің 160 делегаты қатысқан құрылтай өтті. Нәтижесінде Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (САДУМ) құрылды. Э.Бабахан бірауыздан басқарманың мүфтиі болып сайланды.

 

Әр республикадан қазият (діни басқарма бөлімі) ашылды. Құрылтай шешімі бойынша Қазақстанның тұңғыш қазиі болып Әбдіғаппар Шамсутдинов (1884-1953) тағайындалды. Ол 1884 жылы Өскеменде дүниеге келді. Қазан медресесінен тәлім алды. Құран Кәрімді жатқа білді, сол кездегі дін саласының білгірі еді. 1946 жылдан 1952 жылға дейін еліміздің дін саласында қызмет етті. Қази бола жүріп Алматы қаласының имамы қызметін қоса атқарды. Қазақ жеріндегі Ислам дінінің қанат жаюы үшін тер төкті. Алғашқы мешіттер ашу, білікті дін мамандарын, имамдар дайындауға үлес қосты. 1952 жылы 78 жасында қазилық қызметін шәкірті Сәдуақас Ғылманиға өткізді. 1953 жылы Алматыда қайтыс болды.

 

Қазақстанның екінші қазиі – Сәдуақас қажы Ғылмани (1890-1972). Бұл кісінің дүниеге келгеніне 2020 жылы 130 жол толады. Сәдуақас қажы Ғылмани 1890 жылы Ақмола облысында дүниеге келді. Аталары Мұхамедияр, Сәлмен деген кісілер дін білгірі болған екен. Араб тілін осы Сәлмен атасынан үйренді. Содан кейін қазақ даласындағы молдалардан діни сауат ашып, 14 жасында «бала молда» атанды. Сөйтіп жас кезінен медреселерде бала оқыта бастады. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде отаршыларға қарсы шықты. Көтеріліс кезінде ағасы Мұқан орыс солдаттары қолынан қаза тапты.

 

Кейін жас діндар Алаш зиялыларымен тізе қосып, қайраткерлік жолға түсті, ағарту саласына бет бұрды. 1929 жылдан бастап Совет билігі тарапынан қуғындалды. Бірнеше рет түрмеге де түсті. Кейін Омбы облысын паналап кетті. Қысқасы, Сәдуақас қажы өмірінің 20 жылын (1929-1946) қуғында өткізді. Алайда жүрген жерінде Ислам құндылықтарын насихаттай берді, өмір жолын өлеңмен өрнектеді. 1946 жылдан бастап елге оралып, дінге қызмет етті. Қазият тізгінін ұстап, Ақмола қаласының имамы қызметін қатар алып жүрді. Шығармашылыққа дендеп кірісті. Негізінде Сәдуақас қажының өлеңдері 30-жылдары жазылды, қуғында жүрген кезде де қаламын құрғатпады.

 

Сәдуақас Ғылмани 110 мың сөзден тұратын ең үлкен «Арабша-қазақша сөздiк» жазды. Осы сөздікті дайындауға 20 жылын арнапты. Бұдан бөлек артына бірнеше құнды еңбек қалдырды. Атап айтқанда, «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы», «Ел аузынан жиған-тергендер (би-шешендер мұрасы)» кітаптарын, Құран-Кәрім аяттары мен хадистердің қазақша тәпсірлерін, Мәуліт, басқа да дін-насихат бағытындағы өлеңдері жарық көрді. «Құран туралы жала мен өтіріктерге қарсы» кітабын Сәдуақас қажы Мұқатай Тоқжігітовтің 1968 жылы жарық көрген атеистік бағыттағы «Құран туралы шындық» кітабына қарсы жазды. Одан бөлек жоғарыда атын атап кеткен Дума депутаты болған Шәймерден Қосшығұлұлы туралы кітап жазды. Сондай-ақ Ғылым академиясының тапсыруымен түрлі аудармалар жасады. Әл-Фарабидің мол мұрасын арабшадан қазақ тіліне аударды. Айтпақшы, Сталин өлген кезде САДУМ атынан мүфти Э.Бабаханмен бірге оның жерлеу рәсіміне қатысты. Жиырма жыл бойы (1952-1972) қазилық қызмет атқарып, еліміздің дін саласына сүбелі үлес қосты. Сәдуақас қажы Ғылмани 1972 жылдың көктемінде Алматыда дүние салды. Қазіргі уақытта елорданың бір мешіті Сәдуақас қажы Ғылмани атында.

 

Қазақстанның үшінші қазиі Жақия қажы Бейсенбайұлы (1932-1997) болатын. 1932 жылы Омбы маңындағы қазақ ауылында дүниеге келген. Жастайынан жетім өсті. Сәдуақас қажы Ғылманидің шарапатын көрді. Сол кісінің бағыт беруімен 1959 жылы Бұхарадағы атақты «Мир Араб» медресесінен діни білім алды. 1968 жылы Алматы қаласының имамы қызметін атқарды. 1970 жылы қажылыққа барып, Нигерия, Алжир, Мали секілді бірқатар елде болды. 1971-1972 жылдары Дамаск университетінің (Сирия) шариғат факультетінде оқыды. Сәдуақас қажы Ғылмани қайтыс болғаннан кейін, қазилік қызметті қабылдап алды. Жеті жыл (1972-1979) қази болды. 1979 жылы қазилық қызметті тапсырып, елдің сұрауымен Көкшетау қалалық мешітінің бас имамы болды. Өмірінің соңына дейін сол мешітте қызмет атқарды. 1997 жылы өмірден озды. 2015 жылы Көкшетаудағы мешітке Жақия қажы Бейсенбайұлының есімі берілді.

 

Жақия қажыдан кейін қазилік қызметке Рәтбек қажы Нысанбайұлы тағайындалды. Рәтбек қажы 1940 жылдың қарашасында Түркістан облысында дүниеге келді. ҚазПИ-дің тарих факультетін бітірді. 1964 жылы Бұхарадағы «Мир-Араб» медресесін және Бұхара педагогикалық институтын тәмамдады. 1969-1975 жылдары Ливия университетінің Шариғат жəне құқық факультетінде оқып, жоғары діни білім алды.

 

Рәтбек қажы Нысанбайұлы 1979 жылдан бастап Қазақстанның қазиі болды. Совет одағы күйрей бастаған тұста, ұлттық, діни мәселелер шиеленісіп кетті. 1989 жылы Орта Азия және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (САДУМ) мүфтиі Шамсиддинхан Бабаханов қызметінен кетті. Оның орнына Мухаммад Садық Мухаммад Юсуф мүфти болды. Осы кезде Қазақстан САДУМ-ның құрамынан бөлініп шықты.

 

Оның бірнеше себебі болды. Соның негізгісі діни басқарма Ташкентте орналасқандықтан және кеңестік саясатқа байланысты Қазақстанның діни-рухани өміріне ықпал ете алмады. Сөйтіп 1990 жылдың 12 қаңтарында еліміздің мұсылмандарының тұңғыш құрылтайы өтіп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы құрылды. Басқарманың тұңғыш төрағасы, Бас мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы болды. Рәтбек қажы 2000 жылға дейін Діни басқарманы басқарды. Қазіргі уақытта Есік қаласындағы орталық мешіттің бас имамы қызметін атқарады.

 

Серікбол Хасан

«Мұнара» газеті, №6, 2019

Предыдущий Следующий
Құранда құстар жайлы не делінген? Дін мен дәстүр радикализмге қарсы

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Әл-Фарабидің рухани әлемі
Әлемдік мәдениеттің құрамдас бөлігі болып табылатын мұсылман мәдениеті адамзат өркениетінің даму тарихында маңызды рөл атқарған әрі бүгінге дейін түрлі әлем елдерінің түрлі өмір аясына әсер етуін жалғастыруда. Осыдан мұсылмандық Шығыс халықтарының рухани құндылықтарын философиялық зерделеуге деген т...
Ғұламалардың өмірбаяны Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Қазақ топырағында өмір сүрг­ен оқымысты, діндар, тақуа жан­дардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ға­лым Мақсат Тәжімұраттың жа­зуына қарағанда, Кама­рад­дин хазіреттің шынайы есімі – Ай­жарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медрес...
Ғұламалардың өмірбаяны Мұңды мақам иесі – Миншауи қари
Мысыр жұрты мұсылман әлеміне көптеген Құран Кәрімнің атақты хафиздары мен білімпаздарын жетілдіріп берген. Олардың ішінде Мұхаммед Сыддық Миншауидің орны бір төбе екені анық. ...
Ғұламалардың өмірбаяны Тараздық ғалым – Алтынхан төре кім еді?
Түркістан өлкесінен шығып, ХХ ғасыр мұсылман әлеміне танылған отандас дін ғұламаларымыздың бірі ретінде – сейіт Махмұт ибн Нәзір Тарази, яғни Алтынхан төрені айтсақ болады. Ол – 1895 жылы Тараз (қазіргі Жамбыл облысы) қаласында дүниеге келген....
Ғұламалардың өмірбаяны Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари
Қарилардың ұстазы, Құран бұлбұлы, дауысына «Дәуіт дауысты» деп баға берілген Абдулбасит Мұхаммад Абдуссамад – 1927 жылы Оңтүстік Мысырдағы Қина ауданына қарасты Армант елді-мекеніндегі Муроаза ауылында дүниеге келген. Атасы – Абдусамад да, әкесі – Мұхаммад та және Абдулбаситтың өзі де Құран хафизы ж...
Ғұламалардың өмірбаяны Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 12:00

Екінтіге дейін 02:19

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
21 сағат. бұрын

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi