Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Таң 05:31

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:31 06:51 11:41 14:43 16:25 17:46
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024

Мақалалар

Абай мен Мәшһүр Жүсіптің ұстазы

| A | +

Қазақ топырағында өмір сүрг­ен оқымысты, діндар, тақуа жан­дардың бірі – Камараддин Бижомартұлы. Алаштанушы ға­лым Мақсат Тәжімұраттың жа­зуына қарағанда, Кама­рад­дин хазіреттің шынайы есімі – Ай­жарық екен. Туған жері – Бөкей ордасы. «Камараддин», яғни «Діннің айы» деген ат бұл кісіге Бұқар медресесінде оқып жүргенде, білімге деген құш­тарлығы мен тақуалығы үшін берілгені жайында айта­ды.

Айжарық Бижомартұлы – 1807 жылы туған. 1889 жылы 81 жа­сында Баянауылда дүниеден өт­кен. Жас кезінде 18 жыл Бұ­қара қаласында діни ілім үй­рен­ген. Құран һәм хадис ілімі бой­­ынша жоға­ры дәрежеге жет­кен. Ис­лам ғұламаларының ға­жай­ып еңбектерін оқып, бойы­на сі­ңір­ген.

Бұқарадан оралған соң, яғ­ни 1849 жылы Орынборда ор­на­ласқан мұсылман діни меке­месінде шариғат ісімен айна­лыс­қан. 1852 жылы Ақмола өңі­рі­нде аты танымал аға сұл­тан Тұрлыбек Көшеновтің ма­ңы­­на келіп, бала оқытуға ни­ет ет­кенімен, көп ұзамай Се­мей мед­ресесіне ауысқан кө­рі­неді. Дәл осы кезде 1855-1858 жыл­да­­ры Семейде білім алып жүр­­ген жас бала Абай Құнан­бай­ұлын оқытқан.

Филология ғылым­да­ры­ның докторы, алаштанушы Тұрсын Жұрт­бай 2008 жылы «Айқын» газетіне берген сұхбатында: «Құ­нан­бай қажы баласы Абай­ды Семей қаласында ор­наласқан мед­ресеге оқуға берген. Үш ай­дан кейін: «Мына бір жас мол­даның оқуы күшті екен», – деп Кама­латдин (Камараддин) мол­даға ауыстырған» дейді.

Одан кейін Камараддин ха­зірет – 1863 жылдан бастап Ом­­быдағы Сібір кадет корпус­ын­да ислам пәні бойынша тө­рт жыл дәріс берген. Бұл оқу ор­нын­­да шығыстанушылар дай­ын­­дайтын арнайы бөлім бол­­ған­дықтан және Азия елдерін зерттеуге құлшынған ғалым-саяхатшылар үшін исламды білу ерекше маңызды болғаны сөзсіз.

Жалпы, Камараддин хазірет мұсылман әлемінің ойшылы жәдидшіл-рефор­ма­тор тұлға Шаһабуд­дин Маржанидің шә­кірті. Шаһа­буд­дин Баһа­уид­­динұлы 1818 жылы Қазан ша­һа­рының іргесіндегі Маржан қа­ла­сында дүниеге келген. Жа­сында түркі, араб, парсы, орыс тілдерін еркін мең­ге­ріп, сол тілдерде ғылыми ең­­бек жаз­ған. Ресейдің оқу орын­да­рын­­да дәріс берген. Ға­лым­ның түркі тарихын баян ет­кен: «Бұлғар мемлекеті мен Қа­зан хандығының тарихы», «Мус­тафад Әл-Ахбар фи ахуали Қазан уә Булғар» атты кі­таптары орыс, араб, татар ті­лін­де жарияланды. Онда қа­зақ та­рихы да қамтылған. Мұ­сыл­ман елдеріне ұзақ уақыт сапар ше­гіп, әлемге әйгілі «Өткен ба­ба­лар өмірінен» («Уафиат әл-асләф») деген әйгілі жеті том­дық еңбекті араб тілінде жа­рыққа шығарған.

Осы жеті том­дық Абайдың жата-жастана оқи­тын кітабы болғаны жайлы де­рек­ті ғалым Тұрсын Жұртбай келтіреді. Осы орайда заңғар жазушы Мұхтар Әуезовтің: «Егер Шаһабуддин Маржанидің жә­дидтік бағдарламасы мен есеп­ті ақылға құрылған пікірін ұс­тан­ба­са Абай еуропалық ғылым мұ­хитының жағасына жете алмас еді» деген ой тұжырымын айтпаса болмайтын сияқты.

Демек XIX ғасырда түр­кі ұлтының арасынан шық­қан, дүние ғылымына түбір­лі өз­ге­ріс енгізіп, түркі жұрты­ның көзқарасын жаңаша қалып­тас­­тырып, ойлау жүйесінің дәре­жесін биіктетіп, ислам діні мен жа­ратылыс ғылымының сабақ­тас­тығын жаңа сатыға көтерген Шаһабуддин Мар­жани осындай адам.

Ал, осы адамның шәкірті Ка­мараддин хазірет болса, одан кей­ін бұл кісіден Абай бі­лім алса, қазақ руханиятының са­бақ­тастығы осылай түзілген деу­ге негіз бар.

Камараддин хазірет 1867 жы­лы Кереку өңірінің шонжа­ры Мұса Шормановтың ықпал етуі­мен Баянауылға келіп, Бі­лән ауылы мешітінде бала оқы­туды қолға алған. Бұл кез­де хазірет 59 жаста екен. От­басы мүшелері – әйелі Бибі Ма­риям, баласы Әбдірахман, қы­зы Құршид.

Алғашқы жылы 3 баланы оқытқан. Олар: Құлболды ишан­­ның баласы Фазыл, екін­ші­сі хазіреттің өз баласы Әб­ді­рах­ман, үшіншісі – Мәш­һүр Жү­сіп Көпейұлы.

Мәшекең өз қолымен жазған өмірбаян хатында: «...Алты жасымда кітап оқып, сегіз жасымда Баянауылда Камараддин аху­н­ның алдында сырып ой бас­тап, тоғыз жасымда ғылым хат­қа, мұхтасар әл-уиқаяға ша­рх қылып, он жасымда шай­ыр­­лық арқылы танылдым. 29 жасым­да Бұқари шарифке барып, мырза Ұлықбекке мүдәріс болдым» дейді («Қазақ шежіресі», 7-нұсқа).

Сондай-ақ Мәшекеңнің «Дуа­ның пайдасы» дейтін бір бет­тен аспайтын ша­ғын жазба­сы бар. Сонда Әкім­бек деген жомарт адам Баянауылдағы Ка­мар (Ка­ма­ра­дин) хазіретке 10 ат берді. «Бесеуін өз қолыммен ал­дым», – деп жазады.

Тағы бір дерек Мәшһүр ата­ның 1910 жылы жазған «Ерей­мен­тау сапары» атты өлеңінде:

Сұрасаң руымды Сүйіндікпін,

Болаттан ағып түскен құрыштай-ақ,

Баласы Құлболдының нағыз текпін,

Ұстазым Камар молда сабақ алған.

Жиырма тоғызымда ілім іздеп,

Мен едім мехнат шегіп Бұқар барған, – дейтін жолдары бар.

Сөзімізді түйіндеп айтар бол­сақ, өмірінің соңғы жылдарын Баянауыл өңірінде өткізген Кама­раддин хазірет Мәшһүр Жү­сіпті оқытып қана қоймай, осы өлкеге рухани танымның нә­рін сепкен. Дәлел ретінде айт­сақ: Қаныш Сәтбаев, Шафиқ Шо­кин бастатқан баянауылдық ака­демиктердің түбірі осында жат­ыр.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

mazhab.kz

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Мәуліт айындағы маңызды 3 амал Мұхаммед пайғамбардың әдебиеттегі бейнесі

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ғұламалардың өмірбаяны Мұңды мақам иесі – Миншауи қари
Мысыр жұрты мұсылман әлеміне көптеген Құран Кәрімнің атақты хафиздары мен білімпаздарын жетілдіріп берген. Олардың ішінде Мұхаммед Сыддық Миншауидің орны бір төбе екені анық. ...
Ғұламалардың өмірбаяны Тараздық ғалым – Алтынхан төре кім еді?
Түркістан өлкесінен шығып, ХХ ғасыр мұсылман әлеміне танылған отандас дін ғұламаларымыздың бірі ретінде – сейіт Махмұт ибн Нәзір Тарази, яғни Алтынхан төрені айтсақ болады. Ол – 1895 жылы Тараз (қазіргі Жамбыл облысы) қаласында дүниеге келген....
Ғұламалардың өмірбаяны Құран бұлбұлы – Абдулбасит қари
Қарилардың ұстазы, Құран бұлбұлы, дауысына «Дәуіт дауысты» деп баға берілген Абдулбасит Мұхаммад Абдуссамад – 1927 жылы Оңтүстік Мысырдағы Қина ауданына қарасты Армант елді-мекеніндегі Муроаза ауылында дүниеге келген. Атасы – Абдусамад да, әкесі – Мұхаммад та және Абдулбаситтың өзі де Құран хафизы ж...
Ғұламалардың өмірбаяны Имам Әбу Хәнифа, рахимаһуЛлаһ
Имам Әбу Хәнифаның толық аты – Нұғман бин Сәбит бин Нұғман бин Марзұбан. Хижраның 80 жылы Куфада дүниеге келіп, 150 жылы қайтыс болады.
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
20 Джумада-авваль 1446
Миләди
22 қараша 2024
Намаз уақыттары
қазір

Таң 05:31

Имсакқа дейін 01:17

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi