ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ
![](/media/images/65b37f25d4631.jpeg)
Алматы Орталық мешітінің наиб имамы Тимур Әлиев Алатау ауданы №2 мамандандырылған Өрт сөндіру бекетінде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қоғамда өзекті тақырыптар бойынша сұрақ-жауаптар алмасып, өрт сөндіру мамандарымен еркін сұхбат жүргізілді. Қазіргі қоғамда жаһандық мәселе болып отырған суицид тақырыбына кеңінен тоқталып, өз-өзіне қол жұмсау шариғатта құпталмайтын іс екенін жеткізді. Тимур Әлиев: «Қиындыққа тап болған жанға психологиялық қолдау көрсету арқылы суицидтің алдын алып, кінәламай, рухани әңгімелесу арқылы көмектесу қажет», - деп атап өтті.
Алматы өкілгінің баспасөз қызметі