САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Текелі қаласы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Бесін 11:53
Текели
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Текели
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
02:16 04:05 11:53 17:13 19:35 21:23
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
09 шілде 2024

Мақалалар

САЛАУАТТЫЛЫҚ – ЖАН МЕН ТӘННІҢ ҮЙЛЕСІМІ

| A | +

Кез келген адам өмірінің берекелі және жақсылыққа толы болғанын қалайды. Өмірде жетістікке жету үшін жан-жақты ізденеді. Салауатты өмір сүруге дағдыланады. Әркім салауаттылықты әр түрлі түсінеді. Кейбір адамдар үшін салауаттылық денінің саулығы болса, басқалар салауаттылықты білімді болу деп ұғады. Салауатты болу үшін адам дұрыс өмір сүру керек. Салауаттылық – адам рухының, ақыл парасатының, денсаулығының амандығы. Салауаттылық деген сөздің өзі «аман болу», «дұрыс болу» деген мағынаны білдіреді. Рухани салауаттылық – ақыл және сананың аман болуы. Сондай-ақ денсаулығы да мығым болуы қажет. Жан мен тәннің үйлесім табуы аса маңызды.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Аср» сүресінде адам баласының зиян шегетінін айтады. Тек Аллаға сеніп, иман келтіргендер мен жақсылыққа бет бұрып, амал еткендер ғана құтылатынын жеткізеді. Назар аударсақ: «Шынында адам баласы – зиян шегуші. Тек иман келтіргендердің, соған сай (өздерін һәм бүкіл қоғамды түзеуге бағытталған) игілікті істерді атқарғандардың, бір-біріне ақиқатты насихаттайтындардың және (қайғы-қасіретте, ауыртпалық түскенде, сондай-ақ тура жолдан таймау һәм асау нәпсі мен әзәзіл шайтанға ермеу мәселесінде) бірін-бірі сабырға шақыратындардың жөні бөлек». Имам Шафиғи «Аср» сүресіне байланысты: «Құранның басқа сүрелері түспей, тек қана осы сүре түскенде, бұл сүре екі дүниенің де бақытына қол жеткізу үшін жеткілікті болар еді»,­ – деген.

Саңлақ сахабалар бас қосқанда міндетті түрде екі жаққа кетпей тұрып осы сүрені оқитын. Себебі бұл сүре адамның өмірін толық қамтиды. Рухани, ақыл және денсаулық салауаттылығының қалай жүзеге асатынын көрсетеді. Рухани салауаттылық – адамның ақыл санасының амандығы. Адасу және жансақ сенімдерден аман, аулақ болу. Дүниетанымның дұрыс қалыптасуы. Сенімі мен дүниетанымы айқын, берік болған адам өмірінің мәнін ұғып, мақсатынан адаспайды. Бір Аллаға иман келтіріп, Раббысының бар және бір екеніне сенген, өмірінің мақсатын таныған саналады. Ақиқаттан адасқан адам өмір құндылықтарынан да шатасады. Ненің дұрыс, не бұрыс екенін ажырата алмайды. Әсіресе қазіргідей дұрыс пен бұрыстың, ақ пен қараның арпалысқан шағында рухани салауаттылық өте маңызды. Керек десеңіз, ақыл мен ойдың күмәннан, адасудан аулақ болуы бәрінен маңызды. Білек күші мен денсаулығы мықты болып, бірақ рухани мүгедек болу – қасірет. Алла Тағаланың «Аср» сүресіндегі «адам баласы – зиян шегуші» дегені осы. Сол зияннан тек Алласын танып, ақ пен қараны ажыратқан жан ғана құтылады.

Рухы сау адам денсаулығына да мән беруі керек. «Аср» сүресінде Аллаға иман келтіріп, салиқалы амал атқарғандардың зиян шекпейтіні айтылған. Салиқалы амалдың қатарына күллі жақсылықты жатқызуға болады. Ол мейлі жеке басыңызға байланысты, мейлі қоршаған ортаға байланысты болсын, Аллаға қылған құлшылық, адамға істеген жақсылық, қоршаған ортаға істеген ізгіліктің бәрі салиқалы амал саналады. Ал оны жүзеге асыру үшін әрине денсаулық керек. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманға қарағанда Алла Тағалаға жағымды әрі қайырлы», – деген (Мүслим). Ислам дінінде жеке адам мен қоғамның мүддесі бірдей қаралады. Жеке тұлғаның амандығы мен қоғамның амандығының маңызы бірдей зор мағынаға ие. Әр мұсылман қандай күшті болса, қоғам да сондай күшті болады. Әр мұсылман Алланың ақысын білгендей, өзінің және қоғамның ақысын білуі керек. Бірде Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Абдулла ибн Амруға (оған Алла разы болсын): «Шындығында Алланың сенің алдыңда ақысы бар. Сенің денеңнің алдыңда ақысы бар. Сенің отбасыңның алдыңда ақысы бар», – деп айтты.

Салауатты өмір дегеніміз – игі істерді атқару ғана емес, күнәлі әрекеттен тыйылу, жоламау. Бұл жайында Құранда: «Алламен қатар әлдекімді немесе әлденені құдай тұтпа! Әйтпесе, айыбың бетіңе басылып, жазғырылып, қолдаусыз әрі жападан жалғыз қаласың», – делінген («Исра» сүресі, 22-аят). Бұл аятта Алла адамдарға адасудан сақтануды ескертуде. Жоғарыда айтылғандай, сенімде адасу – өмірде шатасу. Ислам білім мен парасаттың діні. Білім алу – үлкен жауапкершілік, салауаттылықтың төресі. Алла Тағала «Исра» сүресінің 36-аятында: «Өзің нақты білмейтін нәрсенің (мәліметтің) соңына түспе (яғни білмегенді білдім, көрмегенді көрдім, естімегенді естідім деп айтпа). Шындығында, адам баласы құлақ, көз және жүрек сынды дене мүшелерін қалай басқарып-қолданғанына қатысты (Алла алдында) жауапқа тартылады», – делінген. Демек салауаттылық дегеніміз – сөйлеген сөзіміз бен іс-әрекетімізде Алла Тағаланың және адамдардың алдында жауапкершілікті сезіну. Алланың бұйырғанын бұлжытпай, қайтарғанына жоламау. Қолдан келгенше кішіпейіл болу, тәкаппарлық пен даңдайсу –мұсылманның келбеті емес. «Исра» сүресінің 37-аятында Алла бізге былай деп ескертеді: «Сондай-ақ жер бетінде кердеңдеп жүрме! (Сен өзіңді қанша жерден мықтымын деп санасаң да күш-қуатың, білімің және қабілетің шектеулі болғандықтан) бәрібір жерді жара алмайсың, таулармен де бой теңестіре алмайсың!» Салауаттылық жаңа ғана пайда болған нәрсе емес, оған дағдылану да қиын емес. Дініне бекем болған ата-бабаларымыз салауатты өмір сүре білген. Еліне, жеріне, Отаны мен өзіне пайдалы болған. Олар салауаттылықтың атасы діндарлық деп білген. Бізге де Алла сондай болуды жазсын!

 

Мәди АЙДАРХАНҰЛЫ,

РАНТ мүшесі

 

Иман журналы №10 (231) 2023 жыл

 

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ПАЙҒАМБАР МЕН САХАБАЛАР ЗАМАНЫНДАҒЫ УАҚЫП ІСІ АҚША ҚҰНСЫЗДАНҒАНДА ҚАРЫЗ ҚАЛАЙ ҚАЙТАРЫЛАДЫ?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Пайым-парасат ҚАРАПАЙЫМДЫЛЫҚ АСЫЛ ҚАСИЕТ
Тауазу – қарапайым, кішіпейіл болу, Алланың ұлылығының алдында өзіңің түкке тұрмас әлсіз екендігіңді білу деген мағынаны білдіреді. Адам баласы өзіне берілген ілім, мансап және байлық сияқты кез келген бір нығметтің арқасында бұлардан мақрұм болған кісілердің алдында өзін олардан жоғары санап, зұлым...
Пайым-парасат АДАЛ АС – ЖАНҒА ШИПА
Тағам – адамның дене жасушаларын қажетті қоректік заттармен қамтамасыз етіп, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуына тікелей әсер ететін негізгі қажеттіліктің бірі. Адам баласының туу және өліміне дейінгі барлық өмірлік циклі тікелей тағаммен байланысты....
Пайым-парасат АҒАЙЫННЫҢ АРЫЗЫ - ЕЛДІҢ СӘНІН КЕТІРЕР
Бұқар жырау; «Ағайынның арызы елдің сәнін кетірер, абысынның арызы ауыл сәнін кетірер», – деп айтқандай, ағайын-туғанның араздасып, арадағы байланыстарын үзуі Алланың қаһарына ұшыратып, елдің берекесін кетіреді....
Пайым-парасат СӨЗ ТҮЗЕЛСЕ, АДАМ ТҮЗЕЛЕДІ
Сөз түзелсе - жүрек түзеледі. Жүрек түзелсе - иман түзеледі. Иман түзелсе - дінің түзелер. Дінің түзелсе - ақыретің түзеледі...
Пайым-парасат ТІЛ - БАПТАСАҢ БАҒЫҢДЫ АШАДЫ
«Шын мұсылманның тілі жүрегінен кейін тұрады, айтар сөзін (пайдасы мен зиянын) ойланып сөйлейді. Ал, екі жүздінің тілі жүрегінің алдында тұрады да, айтар сөзін (одан туындайтын салдар туралы) ойламай сөйлейді»,...
Пайым-парасат ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ - ЗАМАН ТАЛАБЫ
Бүгінгі күні елімізде туындап жатқан көптеген мәселелер бар. Солардың бірі дін жолындағы адасушылардыда айтсақ болады. Олар дінге, құлшылыққа үлкен бір мақсат-мұратпен, арман-қиялмен келгенімен, олардың дін үйретушілері қате жолды насихаттаса, ол адамның дін жолынан, сондай-ақ еліміздегі мұсылманда...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
1 Мухаррам, 1446
Миләди
09 шілде 2024
Намаз уақыттары
қазір

Бесін 11:53

Екінтіге дейін 02:51

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi