САЛАУАТ АЙТУДЫҢ МӘНІ НЕДЕ?
Шұбарқұдық
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Аср 18:54
Шұбарқұдық
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Шұбарқұдық
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
03:11 05:07 13:23 18:54 21:28 23:19
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Зуль-хиджа 1445
Миләди
30 маусым 2024

Мақалалар

САЛАУАТ АЙТУДЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

| A | +

Алла Тағала Құранның «Ахзаб» сүресінің 56-аятында: «Шын мәнінде, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады (Алладан – рақым, періштелерден – жарылқау, дұға). Уа, иман келтіргендер! Сендер де оған (Пайғамбарға) салауат пен саламаттылық тілеңдер»! – деген. Алла Тағала Өзінің ұлықтығымен, саны жоқ періштелердің Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтуының және иман келтірген мүминдерге де салауат айтуға бұйырудың сыры неде?

Біріншіден, Пайғамбарымызды (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мадақтап, Алла Тағаланың алдындағы абыройын жоғарылатып, артықшылықшылығын көрсету әрі оның дінін басқа діндерден үстем ету. Алла Тағала «Сафф» сүресінің 8-аятында: «Олар (сол залымдар) Алланың нұрын ауыздарымен (тілдерімен) өшіруді қалайды. Алайда Алла кәпірлер жек көрсе де, Өзінің нұрын тәмәмдайды», – дейді.

Екіншіден, қанша уақыт өтсе де Пайғамбарымыздың есімі, дәрежесі халық арасында жоғары тұруы үшін. Алла Тағала «Шарх» сүресінің 4-аятында: «Әрі естелігіңді есіміңді биіктетпедік пе?» – дейді.

Үшіншіден, біздің салауат және сәлемдеріміз Оған көрсетіледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Күндердің ең абзалы – жұма күні. Бұл күні Адам атамыз жаратылған және осы күні дүниеден өткен. Қиямет те осы жұма күні болады. Жұма күні маған салауат айтуды көбейтіңдер. Өйткені сендердің салауаттарың маған көрсетіледі», – деген.

Төртіншіден, кім Пайғамбарға салауат айтса, Алла Тағала ол адамға салауат айтады. Кім Пайғамбарға сәлем берсе, Алла Тағала ол адамға сәлем жолдайды. Хадисте: «Бір күні Алла елшісінің жүзінен қуаныш байқалады. Сол кезде сахабалары: «Уа, Алланың елшісі! Жүзіңізден қуаныш байқап тұрмыз», – дейді. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Маған періште келіп: «Уа, Мұхаммед! Раббың: «Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте салауат айтса, Мен оған он салауат айтамын. Үмбетіңнен саған біреу бір мәрте сәлем жолдаса, Мен оған он сәлем жолдаймын. Осыған разы боласың ба?» – деді». Мен: «Әрине, разы боламын»,– деп жауап бердім», – деген.

Бесіншіден, Алла Тағала Пайғамбарымызға салауат айтқан адамның қателіктерін кешіріп, дәрежесін көтереді. Хадисте: «Кім маған бір салауат айтса, Алла оған он салауат айтады және оның он қателігін кешіреді әрі оның дәрежесін он есеге көтереді», – делінген. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтудың біз білетін, білмейтін көптеген артықшылығы бар. Сондықтан қандай уақыт болсын салауатты көптеп айту – мұстахаб амал. 

Салауат айтудың түрлері көп. Жоғарыдағы аят түскенде бір кісі Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Саған салауатты қалай айтамыз деп сұрағанда, осы салауатты айтқан: «Аллаһуммә солли алә Мухәммәд, уә ғалә әәли Мухаммәд, кәмә солләйтә ғалә Ибраһим иннәкә хамидум мәжид. Уа бәрик ғалә Мухаммәд уа ғалә әәли Мухаммәд, кәмә бәәрәктә ғалә Ибраһим иннәкә хамидум мәжид».

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) біздің салауатымызға мұқтаж емес, бәлкім салауат айтуға біз мұқтажбыз. Өйткені Пайғамбарымызға салауат айту арқылы пенде сауапқа кенеледі. Алла Тағала ол пендеге рахметін төгіп, күнәсін кешіріп, дәрежесін көтереді, қайғысын сейілтіп, ризығын арттырады. Салауат айтумен басталып, салауат айтумен аяқталған дұғалар қабыл болады. Салауат айту арқылы пенде қияметте Алла елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ең жақын адамдардың бірі болады. Хадисте: «Маған Қияметте ең жақын болатын адам – маған көп салауат айтқан адам», – делінген. Ғалымдарымыз айтқандай, Пайғамбарымыз – адамзаттың асылы, жұма – күндердің мырзасы. Сондықтан жұма күні айтылған салауаттың сауабы басқа уақытта айтылған салауаттан артық болады. Алла Тағала баршамызды Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтатын, Қиямет күні Алла елшісіне ең жақын болатын адамдардың қатарынан еткей! Әмин!
 

Медет ҚҰРСАҚОВ,

«Иман» журналы, №9, 2023 жыл

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
АБДУЛЛА ҚАЖЫ ЖОЛДАС: СҮРІНІП КЕТПЕЙ ТҰРҒАНДА СҮННЕТКЕ ЖАРМАСАЙЫҚ ЖЫНЫСТЫҚ ТӘРБИЕ КЕРЕК ПА?

Тақырып аясындағы мақалалар

Сұрақ-жауап Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жақында құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған qurban2024.kz сайтын іске қосты. Бұл жобаның тиімділігі неде?
– Мүфтият пандемия кезінде құрбан шалудың онлайн жүйесін іске қосты. Пандемиядан кейін де осы жүйенің тиімді екенін айтып, өтініш білдіргендер болды. Сөйтіп азаматтарымызға оңтайлы болу үшін құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды....
Сұрақ-жауап  Құрбандықты кімнің атынан шалған дұрыс? Тірі адамның ба, әлде өмірден өткен кісінің бе?
– Екеуіне де рұқсат берілген. Алайда басқа біреудің (тірі адамның) атынан құрбандық шалған кезде сол кісінің рұқсатын алуы керек. Егер рұқсатын алмай оның атынан құрбандық шалса, құрбандығы жарамсыз болады....
Сұрақ-жауап Қандай адам құрбандық шалуға міндетті?
– Құрбан айт күндері біздің Ханафи мәзһабы бойынша басы азат, балиғат жасына жеткен, ақыл-есі дұрыс, дәулетті және Құрбан айт уақытында жолаушы болмаған мұсылманның құрбан шалуы міндетті. ...
Сұрақ-жауап КЕШБЭКТІ ЖӘНЕ ДИСКОНТ КАРТАЛАРДЫ ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ПА?
Кешбэк (ағыл. Cashback – ақша қайтару) – бұл тауарды сатып алудан немесе қызметтер ақысын төлеуден түсетін бонустық пайыздар.

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Сұрақ-жауап ЗӘМЗӘМ СУЫ НЕ ҮШІН ҚАСИЕТТІ?
Зәмзәм – Ибраһимның (оған Алланың сәлемі болсын) ұлы Исмайылдың (оған Алланың сәлемі болсын) шөлін қандыруы үшін Алла Тағаланың зәмзәм құдығынан шығарған суы. Зәмзәм суының шығу тарихы да осы жерден басталады....
Сұрақ-жауап ЖОЛАУШЫҒА ҚҰРБАН ШАЛУ МІНДЕТТІ МЕ?
90 шақырымнан астам жерге сапарға шыққан адамға құрбандық шалуы міндетті емес[1]. Бірақ нәпіл ретінде құрбандық шалса, сауапқа кенеледі.
Сұрақ-жауап ДҮНИЕДЕН ӨТКЕН АДАМНЫҢ АТЫНАН ҚҰРБАНДЫҚ ШАЛУҒА БОЛА МА?
Дүниеден озған адамның атынан сауабын бағыштау ниетімен құрбандық шалуға болады. Бірақ құрбандық шалуға міндеттелген адам ең әуелі өз атынан құрбандық шалуы тиіс....
Сұрақ-жауап ҚҰРБАН ШАЛУДЫҢ ТАРИХЫ ҚАНДАЙ?
Құрбандық шалу адамзат тарихымен бірге басталған үрдіс. Адамзаттың атасы Адам атаның ұлдары Абыл мен Қабылдың арасында орын алған дау құрбандық беру арқылы шешілген. Біз мұны Құран аяттары мен хадистерде баяндалған қиссалардан білеміз. Жалпы, Құран Кәрімде құрбандық шалу оқиғалары туралы бірнеше жер...
Сұрақ-жауап ЖАРИЯ САДАҚАНЫҢ ТҮРЛЕРІ ҚАНДАЙ?
Садақа беру  арқылы адам өзінің Алла алдындағы адалдығын, сенімінің шынайылығын дәлелдейді.
Сұрақ-жауап БАЛАНЫ НЕШЕ ЖАСЫНДА СҮНДЕТТЕУ КЕРЕК?
Сүндеттеу – Ислам дінінде әрі қазақ дәстүрінде ер баланың жыныс мүшесін жауып тұрған тері бөлшегін кесу арқылы жасалатын ғұрып. Араб тілінде «әл-хитан», медицина тілінде «циркумцизия» деп аталады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
24 Зуль-хиджа 1445
Миләди
30 маусым 2024
Намаз уақыттары
қазір

Аср 18:54

Ақшамға дейін 02:14

Люди обязаны перед Аллахом совершить хадж к Дому*

Ва алейкум ассалам. Нет. Хадж это индивидуальное поклонение. Его можно совершить за себя или за одно

Администратор Azankz
27 мау. 2024

ДУМК пояснило перенос даты Курбан Айта с 17 на 16 июня

Вроде ДУМК всегда использовал астрономические вычисления, поэтому заранее всегда даты были известны.

Крафтер Кудабай
10 мау. 2024

99 советов Пророка (мир ему и благословение Аллаха) больным

Уалейкум ассалам. В книге приводится прямой перевод достоверного хадиса. Подразумевается, что нисход

Администратор Azankz
18 сәу. 2024

Нрав мусульманина

Ас саламу алейкум уа рахматуЛлахи уа баракатух.телеграмм канал про хорошие нравыhttps://t.me/horoshi

Вадим
13 сәу. 2024

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
27 нау. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi