Мен қалай 8 баламды ақылды және иманды қылып тәрбиеледім
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 19:34
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Алматы
ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
04:21 05:38 12:00 16:25 18:17 19:34
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024

Мақалалар

Мен қалай 8 баламды ақылды және иманды қылып тәрбиеледім

| A | +

Оның үлкен қызымен заң мектебінде таныстым: үздік оқушы және хафиз болған ол ағылшын, араб және малай тілдерінде еркін сөйлейтін, үш түрлі бағдарлама бойынша білім алатын және өз жасы үшін өте жинақы әрі талапты еді. Өзінің қалған жеті іні-сіңлілері де дәл өзіндей хафиз және Құранды жаттайтынын, дәл өзі сияқты тәрбиеленіп жатқанын ести сала олардың ғажайып аналарымен танысуға асықтым.

 

Шарифа Мастура әл-Жифри (Sharifa Mastura Al Jifri) есімді шағын денелі, сабырлы сингапурлық әйелмен, тамаша ана мен оның балаларымен үйінде кездескенде, мен өмірімде мұндай жемісті отбасын көрмегенімді ұқтым. Маған Шарифамен тілдесу бақыты бұйырды, ол өзінің ауыр болса да сондай маңызды және мақтауға тұрарлық ата-аналық тәжірибесімен бөлісті.

 

- Оқырмандарымызды бала тәрбиелеуде сіздің біліміңіздің қандай рөл атқарғанымен таныстырудан бастайық. Мектеп бітірген соң сіз мектепке дейінгі білім беруге бағытталған мұғалімдер курсына оқуға түстіңіз, содан соң британдық оқу орнынан ағылшын әдебиеті мен лингвистика бойынша диплом алдыңыз. Кейінірек сіз Гленн Доман (Glenn Doman) әдісіне арналған екі күндік семинарға қатыстыңыз және ол шешуші рөл ойнап, сізді ақылды балаларды тәрбиелеуге шабыттандырды. Өзіңіздің ата-аналық мақсаттарыңызға жету жолында ақылды балаларды тәрбиелеу үшін қандай негізгі теориялар мен әдістермен таныстыңыз, қысқаша баяндап берсеңіз?

 

- Негізінен бұл екі қағида:

 

1. Баланы ынталандырыңыз

 

Баланың ақылын ояту ешқашан кеш емес: сіз оған ертегі айтып бере аласыз, кітап оқи аласыз, ас әзірлеп жатқанда бірге санамақ ұйымдастырыңыз немесе пиязды иіскете аласыз. Бала жатырда жатқан кезден бастау керек, себебі ол барлығын естиді. Баламен сәби шағынан бастап сөйлесіңіз. Балаға еститін, көретін, иіскейтін, қолмен ұстап көретін, дәмін сезе алатын қоршаған заттар мен құбылыстардың аттарын атау және түсіндіру арқылы оның сезім мүшелерін дамытыңыз. Оның білуге құмарлығын қолдап, түрлі кітаптар, кубиктер, схемалар, үйрету ойыншықтары және т.б. қоршаңыз. Өз басым оқуға көп мән беремін.

 

2. Баламен айналысыңыз

 

Мойындауым керек, мектепке дейінгі балалардың тәрбиешісі деген білімім болғандықтан мен балаларға айналысатын істі оңай тауып бере аламын. Тіпті сіздің арнайы дайындығыңыз болмаса да, уақытты пайдалы өткізудің жолдарын табу қиын емес.

 

Олардың сәби шағында-ақ мен заттардың суретін салып, қалай аталатынын айтатынмын. Бала кішкентай кезінде қарындаштармен сурет салсын, кейін фломастер беріңіз. Кейбіреулердің ойынша балаға кубиктері бар қорапты беріп қойса болды – өзі ойнасын. Алайда бұл дұрыс емес. Оның жанына отырыңыз, бірге құрастырыңыз, қиялы мен шығармашылығын қолдаңыз, қолдарының икемі келмей жатса, көмектесу үшін жанында болыңыз.

 

Сіз жақын отырып, бірге өткізген уақыт – сіздерді жақындастыратын құнсыз сәттер. Дәл осы сәттерде сіз өз балаңыз туралы, оның мінезі, мүмкіндіктерін көресіз. Бұл сізге балаңыз туралы түсінік береді, оның мінезін қалыптастыру, зердесін жаттықтыру мен таланттарын пайдалануға қажетті ақпаратпен қаруландырады.

 

Егер бала күнінде сіз осы тығыз байланыстарды орнатсаңыз, балалар ересек жаста да сізге жүгінетін болады. Сіз ол үшін әрқашан кубиктер құрастырылмай жатқанда көмек сұрауға болатын адам болып қаласыз!

 

Шешуші фактор:

 

Мен бұл екі басты қағида туралы білдім және өз білімімнің арқасында іске асырдым, сонымен қатар мен балаларды тақуалық негізінде тәрбиелеудің қажеттілігін де жақсы түсіндім.

 

Жалғыз ғана ақыл адамға адамгершілік қасиеттерін ұялата алмайды, керісінше ол адамды шатастыруы мүмкін. Сондықтан алғашқы екі пункт менің әдісімнің құрамдас бөліктері, ал менің педагогикалық қағидамның іргетасы – балалардың дін мен тақуалықты меңгеруі үшін барын жасау. Ол үшін оларға Құранды, араб тілі мен дінді үйрету қажет. Сол себепті менің балаларым Құранды жатырда жатқанда-ақ тыңдады. Балалармен бірге болғанда олармен сөйлесуге, Аллаға және Оның кітабына, пайғамбарларға махаббатын ашуға, қолымнан келгенінше ислам әдебін (мінез-құлық, этикет) үйретуге тырысамын.

 

 

- Сіздің 12 мен 24 жас аралығында сегіз балаңыз бар. МашАлла, олардың әрқайсысы 13-14 жасында-ақ хафиз атанды! Олардың барлығы араб орта мектептеріне барады және қосымша үйде сізбен бірге британдық ағылшын және сингапурлық тілдерде оқыды. Балаларды тәрбиелеудің осындай ерекше әдісіне сізді не итермеледі?

 

- Әдеттен тыс ештеңесі жоқ. Біз күйеуіміз екеуміз бар болғаны балалардың дініміз бен Құранды білетін азамат боп өскендерін қаладық. Оның ең айқын жолы балаларды Құранды, дін мен басқа да пәндерді арабша оқытатын мектепке орналастыру еді. Сондай-ақ біз олардың үмметімізге пайдалы болуларын қаладық. Оларға саналы және пайдалы мұсылман болуға мүмкіндік беретін білім мен дағдыларды меңгеруін қаладық. Сондықтан менің балаларын Құранды екі жастан жаттап бастады. Сол уақытта олар жазуға дағдылана бастады, оқуға тырысты және олар оқып бергенді ұнататын.

 

Бұл балалардың дамуына өте қолайлы мезгіл. Мектепке барарда олар Құранның бірнеше жүзін жатқа білетін және мусхаф оқи алатын еді. Ал үйде мен оларды араб сандары мен әріптерін оқуды және жазуды үйреттім. Әрине мұның барлығы оларға араб тілін білмесе де, араб мектебіне оқуға түсерде артықшылық берді.

 

Сингапурлық бағдарламаға келер болсақ, балалар араб мектебіне барғанда ағылшын тілінде еркін оқитын және ағылшын мен математиканы 2-сыныптың дәрежесінде білді.

 

Аллаға шүкір, осының арқасында мен үш нәрсеге қол жеткіздім:

 

Біріншіден, әуел бастан-ақ олардың арқтықшылығы болғандықтан, мен олардың араб мектебіндегі жетістіктері үшін алаңдаған емеспін. Олар мусхаф оқи алса, сандарды білсе, алғашқы жылы оларға қажеттісі тек тілге үйрену, мұнда жаңа түсініктерді үйренудің қажеті жоқ.

 

Екіншіден, ағылшын тілінен үлгеріміміз жақсы болды, себебі тек қалыптасқан іргетасымызды қалауды жалғастырдық. Сингапурлық бағдарламаға, ағылшын тіліне  және балалардың араб мектебіндегі үлгерімін қадағалай жүріп, және тағы да бала босану оңай емес. Олар ағылшынша оқуды жалғастырғандықтан, мен тек ішінара, әдетте мектеп демалысында көмектестім. Балалардың үлгерімімен үнемі алысып жүрген ата-аналарды да көрдім, алайда балалардың араб мектебіне дейінгі базасы болмағандықтан мұның бәрі сәтсіз еді. Балалар әрқайсы өз жылдамдығымен үйде Құран оқуды жалғастырды, ал мектеп тапсырмалары олар үшін қайталау болатын. Сондықтан олар Құранды мектеп бағдарламасынан әлдеқайда ерте жатқа білетін.

 

Және де біздің мектепке дейінгі салған күшіміз балалардың мектепке барарда оқи алатын дәрежеге жетіп, мектеп бағдарламасына көңіл бөлулеріне септігін тигізді. Ең бастысы, олардың оқуды жақсы көрулері.

 

Осындай тәжірибені қайталағысы келетіндерге  маңызды екі кеңес:

 

  1. Ең бастысы тұңғыш балаға көп күш салу. Балаларыңыздың бойында көргіңіз келетін қасиеттердің барлығын тұңғыш балаңызға сіңіріңіз. Егер бірінші балаға көп күш салсаңыз, екіншісі одан үлгі алады да, сізге екі есе аз күш жұмсау қажет болады. Неге? Себебі сіз тұңғыш балаңызбен айналысып жатқанда, тізеңізде отырған кішкентай (яғни екінші бала) үлкенге үйреткеннің бәрін үйреніп алады және өзі оқитын уақыт келгенде көп нәрсені білетінін көресіз.
  2. Құранды отбасылық өмірдің негізі етіңіз. Әкесі теледидар қарап, ал анасы iPad-ына үңіліп отырса баланы сүре жаттайды деп күтпеген жөн. Ата-анасының Құранға деген махаббатын көрмеген баланың оқуға деген ынтасы да болмайды.

 

- Сіз және сіздің балаларыңыз қалай мұның бәрін бір уақытта жасадыңыздар? Сіздің және олардың апталары әдетте қалай өтетін еді?

 

- Біздің әдеттегі бір күнімізді елестетейік. Тұңғышымыз дүниеге келген соң біз жұбайым екеуміз таң намазының алдында оянатық болдық. Мүмкін бұл сәби кездегі әдеттерге байланысты болар, дегенмен біздің жанұямызда күн таң намазынан басталады.

 

Біз таңғы ас ішеміз, душ қабылдаймыз, жаттығамыз. Бұл сағат 6.30 бен 11 аралығында орын алады. Бастысы – көпфункционалдылық. Балалардың жасына қарай: біреу парта үстінде жазу жазса, үшіншісін душқа жіберемін, төртіншісіне киінуге көмектесемін, кішкентайға кітап оқып беремін және сәбиді еміземін. Бұл дегеніміз барлығы жуынып, киініп, таңғы ас ішіп болғанша бір баладан екіншісіне жүгіру. Бәрі дайын болғанда балалар бірге жиналады да, мен оларға таңдаулары бойынша кітап оқып беремін. Әр күні олар кезегімен кітап таңдайды. Сонымен қатар менің олармен айналысуымды тағатсыздана күтеді. Әрқайсысы бірдеңе оқиды, жазады, сандарды үйренеді, Құран жаттайды. Ал соңында барлығымыз бірге қолмен бірдеңе жасаймыз: сурет саламыз, желімдейміз, қолдан бұйымдар жасаймыз. Балалар кезек бойынша өздерінің Құран, оқу бойынша тапсырмаларымен келеді, қалғандарын математика, жазу және басқа да пәндер бойынша тексеремін.

 

Тағы бір кеңес: оқу қызықты болуы тиіс. Менің жазу немесе арифметика бойынша дайындаған тапсырма қағаздарым әрқашан түрлі-түсті, суреттер мен жапсырмалармен безендірілген болатын. Осылайша тапсырмалар іш пыстырарлық жұмыс секілді емес, шығармашылықпен, қол еңбегімен байланыстырылады. Сонда балалар жұмысқа кірісуге асығады, себебі оларға бірдеңені қиған, желімдеген қызықты... Сондықтан менің тәжірибемді қайталағысы келгендер балалар шығармашылығы, балаларға арналған еңбек сабағынан хабардар болуы тиіс.

 

Әдетте 10.30-ға қарай балалардың қарындары ашады және үзіліс жасауға дайын болады, сондықтан бұл уақытта біз жеңіл тамақтанып аламыз. Балалар ерте оянды, білім алуға көп күш жұмсады, енді тамақтанғаннан соң көз шырымын алуға дайын. Сондықтан мен оларды жатын бөлмеге апарамын. Олар менің жаттап жүрген Құран сүрелерімді тыңдап жатып қалғиды. Осылайша сегіз баламды өсіре отырып мен Құранды жаттап алдым. Бұл өте баяу болды, дегенмен менімен бірге балалардың да Құранды есте сақтауына, көп жағдайда тіпті менен жылдам, септігін тигізді. Дәл осылай оларды кешкі уақытта да ұйқыға жатқызатынмын, біреуді жұбату керек болғанда да солай жасадым.

 

Балалар бірінен соң бірі мектепке барғанға дейін біздің күндеріміз осылай өтті. Менің ойымша бұл оларға қалыптасқан тәртіпті сезіндірді. Егер сіз балаларға уақыт бөлмесеңіз, олар сізге уақыт қалдырмайды деп үнемі ойлайтынмын. Сіздің мазаңызды ала бастайды, бір-біріне қитығына тиеді. Демалыс күндері еркін өтеді. Біз әдетте көкке шығатынбыз не саябақта ойнайтынбыз.

 

- Балаларға Құран, араб тіліне оқыту үрдісінде және жалпы келешекті ойлайтын ата-анаға қандай кітаптар немесе басқа да ресурстарды міндетті деп санайсыз?

 

- Шынымды айтсам, мен жақсы ата-ана болуды үйрететін ешқандай арнайы кітап оқыған емеспін. Тауфиқ пен фазл Алладан, сондықтан дұға жасап, дұрыс ниеттену керек, ал Алланың құдіреті шексіз. 

 

Мен бір кітапты пайдаландым және оны қажетті деп білемін, ол «Иқраа». Бұл балаларға Құран оқуды үйрететін алты шағын кітапша. Мен үнемі оны достарыма оқуға кеңес беремін. Осы кітаптың көмегімен менің балаларым ерте жаста Құран оқып үйренді, бұл оларға араб мектебіне барғанда Құран жаттау, араб тілін оқуда артықшылық пен еркіндік берді.

 

- Әдетте балалар мен ата-аналардың күндері мектеп, үй тапсырмасын орындау, мектепке таңғы ас дайындау, мектепке бару және қайту жолымен және мектеппен байланысты басқа да шаруаларға толы. Өздері де, балалары да қосымша жүк арқаламай ата-аналар балалардың қабілеттерін толықтай аша ала ма?

 

- Балалардың пайда болуы мен отбасының ұлғаюына байланысты сіздің өмірлік күш қорыңыз да арта түседі, сөзіме сеніңіз. Сіз өзіңіздің қандай ауыртпалықтарға шыдай алатыныңызды білмейсіз. Бұл ата-аналық міндетті ұқыпты әрі шын жүректен орындаудың арқасында болады.

 

Мен балаларымның Құранды білгенін және мектепте жақсы оқығандарын қаладым және Жаратушы маған олармен айналысуға, көмектесуге жетерлік күш берді. Ана болу менің тыныс алатын ауама айналды, ал шаршау бұл қалыпты күй, бірақ Аллаға шүкір, мен ешқашан асқан жұмысбастылықты сезінген емеспін. Құпия Құран жаттауда. Сегіз баланы тәрбиелеумен қатар Құранды жаттауға тырыстым. Алланың Кітабы – менің жалғыз күш пен тыныштық көзім.

 

Балаларға келсек, біздің, яғни ата-аналардың неліктен олардан бірдеңені жасауды қалайтынымызды түсінгендері маңызды. Балалардың кішкентай кездерінде үйде Құран жаттаумен немесе жазумен айналысқанда-ақ мен олардың өскенде ақылды азамат болып, үмметке пайда әкелулерін қалайтынымды үнемі айтатынмын. Бұл Аллаға құлшылық жасаудың бір жолы.

 

Балаларымыздың дәл өзіміз сияқты ниеттері дұрыс болды. Тіпті кішкентай баланың өзі де өмірдің мәні Аллаға ұнамды істермен айналысу екенін ұғынады. Екіншіден, балаларды ата-анасын тыңдауға үйрету керек. Егер олардың тәртіпті болуы Аллаға ұнамды екенін білсе, олардан серіктестік пен өз міндеттерін орындауды талап ету де оңай. Сол себепті бала өз күнінің Аллаға ұнамды істерге толы және ол үшін марапатқа ие боларын көрсе, бұл оған мән мен мақсат береді.

 

Тек жақсы оқулары мен жақсы жұмыс табулары үшін ғана балаларды құлдар секілді түрткілей берудің мәні жоқ. Аллаға құлшылық ету сізге күш береді. Бала да өз қабілеттерін ашады инша Алла. Мен оған өз тәжірибемде көз жеткіздім. Балалар кішкентай болғанда мен оларға тек бір мақсат туралы айттым: Құранды жаттау және үмметтің игілігі үшін еңбектену.

 

- Сегіз баланың анасы ретінде өз балаларыңызға қатысты сіз қандай да бір жоспарлар құрдыңыз және олардың іске асуы әрине оңай шаруа емес. Сіздің жетістігіңіздің сыры Алланың қолдауынан кейін өзіңіздің табандылығыңыздың арқасы екеніне сенімім мол. Табандылық болмаса армандарды жүзеге асыру мүмкін емес. Осы жылдар бойы, әсіресе қиын сәттерде сізге күш берген не?

 

- Кез-келген көмек Алладан, Алла Ұлық. Мен балаларымды үмметке пайдалы адамдар етуін тілеп, дұға жасауды тоқтатқан емеспін. Осы дұға мен оның орындалуына деген сенім маған бастаған ісімді орта жолда қалдырмауға күш берді.

 

Мен Құранды жаттауды жалғастырдым. Өзім солай жасағандықтан, меніңше, дәл сондай күш салу мен жауапкершілікті балалардан да талап ете аламын. Құран жаттау мен үшін табандылықтың синониміне айналды.

 

Менің табандылығымның тағы бір себебі, ол балалардың барлығына бірдей әділетті болғым келгені. Үлкендеріне үйреткен дүниемді кішілеріне де үйретуге міндеттімін деп ойладым. Бұл мені кері шегінбеуге мәжбүрледі.

 

Біздің «үйдегі мектеп» барлық жеті баламыз мектепке барып, үйде тек бір бала қалғанша жалғасты. Маған тіпті оқуға қызығушылығы болуы үшін оған сыныптас іздеуге тура келді.

 

Кейде біз, ата-аналар, тек үлкендердің қажеттіліктерін ғана ескеріп, кішілеріне мән берместен шешім қабылдауға бейім келеміз. Бұл бізге қалыпты сияқты көрінеді. Дегенмен мен өзіме олай жасауға болмайтынын ескертіп отырдым.

 

- Әсіресе ата-аналарға өздерін сабыр мен табандылыққа қалай үйреткен жөн?

 

- Мен оның жолын білмеймін. Жалғыз ғана айтарым: Аллаға жақын болыңыз. Егер сіздің ата-аналық армандарыңыз құлшылықпен байланысты болмаса, сабыр да, табандылық та мәнін жоғалтады. Өз ниеттеріңіз бен сенімдеріңізді түсініңіз.

 

Егер мұсылман ата-ана ретіндегі міндеттеріңіз балаларды ең жақсы мұсылман етіп тәрбиелеу болса, бұл тұрарлық мақсат. Кез-келген құлшылық секілді бұл жағдайда да ата-аналар Аллаға ұнамды іспен айналысып жатқанына және ол үшін марапатқа ие болатындығына деген сенімде болуы тиіс. Дәл осы сенім сізге сабыр мен табандылық береді. Ал ниеттері қарапайым, дүниелік себептерді басшылыққа алғандар түбінде шаршап, жеңіледі.

 

Ақырында, тақуа балаларыңыздың сіз дүниеден өткен соң сіз үшін құлшылық ететінін есте сақтаған абзал. Мұның өзі сіздің дес бермеуіңізге жеткілікті.

 

 

- Біздің көптеген оқырмандарымыз, әсіресе әйелдер қауымы балалардың тәрбиесіндегі күйеуіңіздің рөлін білгісі келеді. Сіздің ата-аналық мақсаттарыңыздың қойылуына ол қалай әсер етті? Мақсаттарға жетуге қатысты ма?

 

- Біз балалардың болашағын бірдей елестетеміз, сол себепті, Аллаға шүкір, бір-бірімізге ойымызды дәлелдеудің қажеті болған жоқ. Күйеуім отбасымызды асырайтын болғасын және үнемі үйде болмайтындықтан, балалар тәрбиесіне бірдей атсалысады деп күткен емеспін. Алайда ол маған қолдау көрсетеді, олқылықтардың орнын толтырады және қажет болғанда көмек қолын созады, мүмкіндігі болғанда балаларға уақытын арнайды деп күттім. Әдетте ол мұны емін-еркін және қуана істейді.

 

Күйеуім ретінде ол мені әрқашан қолдайды және балаларды ынталандыру, олармен айналысуда белсенді рөл атқарады. Ол кішкентай балақаймен тілдеседі, ойнайды, үлкендеріне оқып береді, бірдеңелерді түсіндіреді, балалар тіпті үлкейіп кетсе де олармен бірге ойнайды, кез-келген жаста жетістіктеріне қызығушылық танытып отырады.

 

Балаларды үнемі еңбекке баулуы, еңбектің мәні зор екенін ұғындыруы арқылы маған үлкен көмегін тигізеді. Кейде менің орныма балаларға ұстаз болады. Мен әбден зорыққан бір кездері, ол үшінші ұлымызбен оқумен айналысуды өз мойнына алған болатын. Ұлымыз өз бетінше оқып кеткенінше әкесі күнде оқулық бойынша сабақ өтті. Ол сондай-ақ менің қолым тимегенде балалардың хифза бойынша тапсырмаларын тексереді.

 

Күйеуім ешқашан балалармен айналысудан қашпаған: жөргек те ауыстырды, шомылдырды, тамақтандырды. Бізде кезекшілік кестесі болған емес, біз жай ғана бір-бірімізге көмектесеміз.

 

Ол мен үшін «жоғары авторитет», балалары тыңдамай, келісімге келмегенде әкелеріне жіберемін. Меніңше отағасы ретінде әкеге деген құрметті балаларға сіңіру маңызды.Сонда бірге аунап-қунап ойын ойнайтын әкелері керек кезінде тәртіпке де шақыра алады. Әдетте балалардың бірдеңеге көңілдері толмағанда, сабасына түсіру үшін«әкелерінен сұрауға» жіберген жеткілікті.

 

Егер оқыту үйде жүрмесе, мұнда да әкелеріне жүгіне аламын. Ол ұлдарды мешітке және Құран үйірмесіне апарады. Ұлдарымыз баратын Құран үйірмесіне бас сұқпағанмен күйеуіме жақсы әке болғаны үшін мақтау қағазын бергенін қуана еске аламын. Ұстаздардың бірі сабақ уақытында оның семестр бойы балаларды көлікте күтіп отыратынын байқап, оны адал әке ретінде атап өтті, машАлла.

 

Біздің мақсаттарымыз бен міндеттеріміз бөлек болғанда, күйеуім балалар тәрбиесі сынды қиын істе менің көмекшім әрі серіктесім бола алмас еді. Арамызда қандай да бір түсініспеушілік туындаса да, жазылмаған ережеміз бар: балалардың көзінше сөз таластырмау. Сондықтан балалар біздің ауызбыршілігіміздің куәсі болады. Бұл балалар үшін маңызды: олар ата-ананың бірінің басқаша жауабына үміттенбей, екеуінің шешімімен келісіп үйренеді.

 

- МашаАлла, сіздің әр балаңыздың өз хоббиі бар! Олардың қызығушылықтары туралы айтып беріңізші, бос уақыттарында да пайдалы іспен айналысуларына қалай қол жеткіздіңіз?

 

- Негізі әр баланың өз хоббиі болсын деген мақсатым болған жоқ. Біз күйеуіміз екеуміз балаларды үйдегі теледидарсыз тәрбиелейміз деп шештік, сондықтан алғашқы жылдардан-ақ олардың бірдеңемен айналысуларын қадағаладым. Біз қолөнері, еңбек, шығармашылыққа көп уақыт арнадық.

 

Ерте жаста ол аппликация, ермексаздан бұйым жасау болды. Сәл өскен соң біз сурет сала бастадық, саздан бұйымдар жасадық, оригамимен айналысып, қағаз гүлдер, ашықхаттар жасадық, құмыраларды боядық және т.б. Біз өз қолдарымызбен кітап жасадық, әңгімелер жаздық, мұқабасын сәндедік. Тек қыздарға қатысты істерден басқасында мен ұлдар мен қыздарды ажыратқан жоқпын. Ұлдар да барлық іске қуана-қуана қатысатын. Кейіннен қыздарға кестелеудің, киім тігудің негіздерін үйрете бастадым. Жасөспірім болғанда қыздар тігін машинасында өздеріне түрлі сүйкімді киімдер тіге алатын, өздері перде тіге беретін, тіпті кішігірім «бизнес» те бастады: Эр-Риядтағы жәрмеңкеде өздері жасаған шашқа таққыштарды сатып жүрді. МашаАлла, адамдарға ұнайтын.

 

Қазір олар бізбен де, ілгекпен де жап-жақсы тоқи алады, тәттілер пісіреді. Қыздарымның бірі суретші, ол түстерді өте жақсы көреді және макияж да жасайды. Екіншісіне архитектура ұнайды, қағаздан үйлер жасайды. Әрине менің қолымнан мұның ешқайсысы да келмейді, сондықтан YouTube-тың көмегі зор.

 

Менің атап өткім келері, балалардың бойындағы қабілеттер мен хоббилер тек шығармашылыққа деген махаббаттан емес. Теледидарсыз баланың өзін-өзі бірдеңемен алдандыру қажеттілігі туындайды. Әрине, кейбір қабілеттердің оларға еркіндік беретінен де қуаныш табады. Ұлдардың хоббиі – фотоға түсіру, жейделерге сурет басып шығару, граффити, ағаш ою және барлығы бірдей футбол ойнағанда сүйеді.

 

- Отбасыңызда балалар пайда бола бастағанда сіз мұғалімдік қызметтен кеттіңіз де өзіңізді түгелдей балаларға арнадыңыз. Кенже қызыңыз Құранды жатқа үйренгенде сіз де хафиз болдыңыз. Кейін Эр-Риядтағы Сауд патшаның университетінде ағылшын тілін үйрете бастадыңыз, сондай-ақ жұмысты үзбей біліктілікті арттыру курсына түстіңіз. Енді ханзада Сұлтан университетінде оқытушысыз. Осыншама жыл өткен соң сізді үнемі білім деңгейіңізді арттыруға, кәсіби өсуге не итермелейді?

 

- Өкінішке орай барлығы сіз айтқандай жеңіл болған жоқ. Көп жыл бұрын екі түрлі себеппен бас тартқан жұмысқа оралуға мені мансапқа деген ұмтылыс мәжбүрлеген жоқ. Біріншіден, мен өз балаларын оқытатын жұмысбасты ана болғанымда өзімде бақытты әрі орнын тапқан адам ретінде сезіндім. Үйде отырған 19 жылда ұстаз болуды тоқтатқан емеспін.

 

1998 жылы бесінші балам үйде оқытуды бастауға дайын болғанда, өз балаларын менің бағдарламам бойынша оқытқысы келетін достарымыздың сұрауымен мектеп аштым. Біздің үйде жиналып, барлық бос орындарды алып, балаларды оқыттық. Әр сыныпта екі балаға бір ұстаз болатын және нәтижелеріміз де тамаша болды.

 

Мектебіміз ұлғайды, басқа ата-аналар балаларын әкеле бастады, біз оқуды ақылы еттік. Бұл балалардың рухани және академиялық дамуы тұрғысынан өте сәтті мектеп болатын. Біздің мектебіміз Дар әл-Құран деп аталды, мен әрі ұстаз, әрі басқа ұстаздардың жетекшісі, әрі директор болдым... Аналар маған оқуға келіп, өздері де ісіне берілген мұғалім болатын, соның арқасында мектебіміз жетістікке жетті.

 

Алайда балалар өсіп, мектепке оқуға түсетін, өкінішті болса да, мектеп қайтқан балаларымен бірге болу үшін ұстаздарымыз да солармен бірге кетіп жатты. Бес жылдан соң кенже қызымыз 1-сыныпқа барғанға дейін мектеппен өзім айналыстым. Дар әл-Құранның соңғы жылы ұстаз болуға келген өзімнің тұңғыш қызымды оқыту бақытына ие болдым. Осылай бір жыл өтті, тек содан соң ғана мен университетке жұмысқа орналастым.

 

Балалардың барлығы мектепке барғанда мен жаңа жұмысқа ауыстым. Себебі ол үйге жақын болатын, сондықтан үйден балалардан кейін шығып, ерте келе алатын едім. Және тағы қайталап айтайын, мансап туралы ойым болған емес. Іскер ана дәрежесіне үйрену үшін маған көп уақыт қажет болды.

 

Біліктілікті арттыруға келер болсақ, бұл жұмысқа орналасу барысындағы талап болатын. Бұл моральдық тұрғыда да, физикалық тұрғыда да оңай болмады: оқу мен жұмысты қатар алып жүру және отбасымен айналысу. Өмірімде алғаш рет күйеуім мен балаларыма уақыт жетіспеушілігіне көңілім толмады. Аллаға шүкір, кіші ұлым Құранның жеделдетілген курсында оқығанда, ал оның 4 сыныпқа қарай бүкіл Құранды білуін көздейтін хифза бағдарламасы болатын, үлкендер мені алмастырды. Ең қиыны балалардың мектеп туралы әңгімелерін тыңдаудан шаршағанымды және өзімнің тапсырма орындауым керектігін, дипломдық жұмысты тапсыруым қажеттігін түсіну ауыр болды.

 

2 жылда мен курстарды аяқтадым. Содан кейін оқымаймын деп шештім, себебі оның отбасыма зияны тигенін қаламадым. Қазір мен ханзада Сұлтанның университетінде оқытушымын және Аллаға шүкір қазір аналық міндетім мен жұмысты жақсы үйлестіріп жүргендеймін.

 

- Сіз бірде «баланың білім алуы ол дүниеге келмей тұрып 20 жыл бұрын басталады» деп қалдыңыз. Түсіндіріп беріңізші.

 

- Бәрі оп-оңай. Бұл балаларыңызды үйретпес бұрын, өзіңіз оқуыңыз керек деген сөз. Көпшілігіміз балаларымыз болғандықтан өте кеш әрі қиын деп ойлаймыз. Алайда білім іздену, өзіңді жөндеуге ешқашан кеш емес. Тіпті сізде енді балалар тәрбиесіне дұрыстап қарау үшін барлық мүмкіндік бар. Балаларыңызды жақсы ата-ана болуға қазірден үйретіңіз. Университет дипломы немесе табысы жоғары жұмысқа басты мән бермеңіз. Оларға дін бойынша мықты білім беріңіз, олардың Құранды білуін, яғни оқи алуын, түсінуін және соған сәйкес өмір сүруіне жағдай жасаңыз. Балаларыңызды білімді және тақуа ата-ана болуға дайындаңыз.

 

 

- Сіздер күйеуіңіз екеуіңіз күндеріңіздің жемісті болуын күшейтетін қандай да бір рухани бағдарламаға сүйенесіздер ме?

 

- Айтарлықтай маңызды бірдеңе жасаймыз деп айта алмаймын. Көп жылдар бұрын тәрбие жөнінде араб тілінде бір кітап оқыдым, авторы мен атауы есімде жоқ. Сонда айтылған еді: «Сіздің балаларыңыз сіздің айтқаныңызды емес, істегеніңізді істейді». Яғни сіз үлгі болуыңыз керек. Өз ата-анаңызға адал ұл мен қыз болыңыз, сонда сіздің балаңыз дәл сондай болмақ. Әсіресе құлшылық мәселесінде балаларға үлгі болу қажет.

 

- Алла қаласа, ата-ана атанғысы келетіндерге қандай кеңес бересіз?

 

- Жоғарыда айтылғанның бәрін оқыңыз және өзіңіз үшін дұрыс деп тапқанын байқап көріңіз. Алла бізге көтере алмайтын жүк бермейді. Бұл менің жолым және мен оны аяқтаған жоқпын, тек әрі қарай жүріп келемін. Мұны оқығандар өз жолдарын таңдайды және қандай жолды таңдаса да мақсаты бір болуы үшін дұға етемін: үмметке пайдалы тақуа адамдарды өсіруді қалаңыз. Сондай-ақ ислам туралы дұрыс білімі болмаса, балаларыңыздың үмметке қызмет ете алмайтындығын да есте сақтаңыз.

 

azan.kz

ДЕРЕККӨЗІ Productivemuslim.com

Towards a Productive Ummah!

АУДАРҒАН Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
Имам Ахмадтың үйленер күні ұлына айтқан өсиеті Қажылық үкімдері

Тақырып аясындағы мақалалар

Дін мен дәстүр ТӘРБИЕ НЕГІЗІ - ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТА
. Бесікте жатқан балаға бесік жыры, өсе келе үйретілетін батырлар жыры және баланың өміріндегі жүзеге асырылған басқа да салт-жоралар адам өмірінде тұлға болып қалыптасу үшін ең қажетті элементтер....
Психология БАЛАҒА КҮНДЕ АЙТЫЛУЫ ТИІС 9 СИҚЫРЛЫ СӨЗ
Әрбір қолданған сөйлеміміз бен сөйлеген сөзіміздің балаларымызға қалай әсер етіп, дүниетанымына қандай іздер қалдыратынын өте сирек ойлаймыз. Баланың тұлғалық дамуы мен дүниеге деген көзқарасын қалыптастыруда айтқан сөздеріміздің ерекше маңызы бар. Сол себепті баланың күнде естіп тұруы тиіс сөздерді...
Пайым-парасат Балалар және мешіт. Ата-аналарға кеңес
Аллаға шүкір, мұсылман үмметінің тынысына күннен күнге көптеген отбасылар араласуда. Әрине, балалардың мешітке келуі орынды да және дұрыс, себебі олар сол арқылы дінмен танысады, өздерін мұсылман тұлғасы ретінде қалыптастыра бастайды. Десе де, балаларды жастайынан мешіт әдептеріне үйрету өте маңызды...

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы Баланы оқуға ынталандырудың 10 әдісі
Балалар қоғамның айнасы және болашақтың ең үлкен құндылығы. Біздің, яғни үлкендердің, жігерлендіру һәм шабыттандыру мүмкіндігіміз болғандықтан баланың сезімдері мен мінез-құлқына әсеріміз үлкен....
Исламдағы отбасы Құрандағы әкенің үлгісі
Бала тәрбиесі жайлы «Юсуф» сүресінде Яқұб пайғамбар жайлы айтылған бөлігінде сөз етіледі. Құранда Яқұб пайғамбар әкенің айнымас үлгісі ретінде аталады. Баршамыз Юсуф пайғамбардың тарихымен таныспыз, Юсуф бала күнінде түс көреді. Өзін мазалаған бұл түсін кіммен бөліседі? Әрине, әкесімен....
Исламдағы отбасы Отбасынан отанға, жанұядан жаһанға жылу жайылса...
Отбасы...  Жанұя... Кеңестік кезеңде «семья» деп аталған ұғым кейінгі кезде «отбасы» және «жанұя» деген екі түсінікпен беріліп жүр. Осы екі ұғымның екеуі де өзінше дұрыс сияқты. Отбасы ұғымы тілдік жағына үңілсеңіз оттың басы, ошақтың қасы, яғни тұрмыс-тіршілік, үйдің материалдық мәселелеріне көбіре...
Исламдағы отбасы “Ажырасам” деушілерге 7 кеңес
Асыл дініміз Ислам отбасыға, оның ішінде ер мен әйелдің көркем қарым-қатынасына аса мән береді. Исламда ер мен әйелдің өзіне жараса құқықтары, құрметі мен хақылары бар. Алланың рұқсат еткен нәрсесіне амал етіп, тыйым салғанынан аулақ болған адам міндетті түрде бақытқа кенеледі. Өйткені, Жаратушы Ием...
Әдеп (этика) МІНЕЗІҢІЗ КӨРКЕМ БЕ?
Қиямет күні таразы басында, мүмін пенденің көркем мінезінен асқан ауыр нәрсе болмайды. Күмәнсіз Алла ауызы былапыт сөзге толы арсыз адамды жек көреді.
Пайым-парасат Балалар және мешіт. Ата-аналарға кеңес
Аллаға шүкір, мұсылман үмметінің тынысына күннен күнге көптеген отбасылар араласуда. Әрине, балалардың мешітке келуі орынды да және дұрыс, себебі олар сол арқылы дінмен танысады, өздерін мұсылман тұлғасы ретінде қалыптастыра бастайды. Десе де, балаларды жастайынан мешіт әдептеріне үйрету өте маңызды...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
18 Рамазан 1445
Миләди
28 наурыз 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 19:34

39. «Рия» (Деяния на показ)

Это оборот речи, подразумевающий, в том числе "перед Аллахом". Тем не менее, с целью купирования не

Администратор Azankz
кеше

Тасбих таравих намаза

То есть "не умрет". Всмысле "не исчезнет", "не перестанет существовать".

X
19 нау. 2024

20 урок: О дополнительных молитвах

Уа алейкум ассалям уа рахматулЛахи уа барокятуху. К сожалению для этого урока есть только текстовая

Администратор Azankz
18 нау. 2024

Курсы хадисоведения открылись при центральной мечети Алматы

Уалейкум ассалам. Да, женщины могут слушать курс из женского зала. Курсы проводятся на казахском я

Администратор Azankz
16 нау. 2024

Al Muallim

В первом и в втором нашиде есть же звуки барабана и других музыкальных инструментов, они разрешены л

X
1 ақп. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi