Зұлхижжа айына қатысты үкімдер
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Зұлхижжа айына қатысты үкімдер

| A | +

Алла тағала өз пендесі үшін көбірек сауап жинап алсын деп  кейбір күндерді басқаларынан артық етіп қойды. Соның бірі – зұлхижжа айының алғашқы он күні. 

Алла Тағала Құранда: «(Зұлхижжа айының алғашқы) он кешіне серт»[1], – деп ант етті. Бұл ант осы күндердің ұлықтығы мен маңыздылығын көрсетеді. 

Ардақты пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағаланың құзырында осы он күнде жасалған ізгі амалдан абзал әрі сүйкімді игі іс жоқ. Ендеше сол кезде тасбихты (субханалла), тахмидты (әлхамду лиллә), тахлилді (лә иләһа илләлла), тәкбірді (Аллаһу акбар) көбейтіңдер», – деген[2].

Дінімізде келген сенімді деректер негізінде осы он күнге қатысты бірнеше үкімдер мен артықшылықтарды атап өтуге болады. Олар:

1. Зұлхижжа айының алғашқы он күні қасиетті күндер болып есептелінеді. Сондықтан осы кезде ынтамен ғибадат ету, көбірек ізгі іс істеу қажет. Өйткені, хадистерде сол уақытта орындалған игі істердің сауабы еселеніп берілетіні айтылған. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Алла Тағалаға осы он күнде істелген игі істен жақсырақ амал жоқ», – деді. Сахабалар: «Уа, Расулалла! Сонда Алла жолында соғысу да оған тең келмей ме?» – деп сұрады. Алланың елшісі: «Алла жолында соғысу да оған тең келмейді. Тек жанымен әрі малымен жорыққа барып, кері қайтпаған адамның жағдайы бөлек», – деп жауап берді [3].

2. Зұлхижжа айының алғашқы сегіз күнінде ораза ұстау – мұстахап. Бұл күннің оразасы хадисте айтылған жалпы ізгі істердің қатарына жатады. Бірақ, осы күндері арнайы ораза ұстау жайында нақты дәлел-дәйектер жоқ. 

3. Арапа (зұлхижжаның тоғызыншы) күні ораза тұту – сүннет. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ол күні ораза ұстады әрі ол күні мұсылмандарды ораза тұтуға үгіттеді. 

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Арапа күні ораза ұстау арқылы Алладан өткен және келесі жылдың күнәсін кешіруді үміт етемін», –  деген[4]. Бұл – арапа күні ұстаған ораза екі жылдық (өткен және келер жылғы кіші) күнәні кешіреді дегені. Алайда, қажылықта жүрген адамдар арапа күні ораза ұстамайды.

4. Айт (зұлхижжаның оныншы) күні және ташриқ (11, 12 және 13-ші) күндері ораза ұстауға шариғатымыз рұқсат етпейді. Өйткені, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза және құрбан айт күндері ораза тұтуға тыйым салды[5] және «Ташриқ күндері – ол ішіп-жеу және Алланы еске алу күндері»[6], деді. 

5. Құрбан айт (зұлхижжаның 10, 11 және 12-ші) күндері бай адамға құрбандық шалу – уәжіп. Алла Тағала: «Раббыңның разылығы үшін намаз оқы және құрбандық шал»[7], – деп бұйырады. Хадисте: «Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) құрбандыққа екі ақ қошқарды жатқызып, аяғымен тіреп, бисмилләні және тәкбірді айтып, бауыздады»[8], – деп айтылған. 

Құрбандық шалу Алла Тағалаға жақын болу үшін, күнәлар кешірілу үшін, Жаратушы Иеміздің көптеген нығметтеріне шүкір ету үшін, бай мен кедейге кеңшілік жасау үшін міндеттелді. Өйткені, осы күні барлық адам Алла Тағаланың қонағы болады, құрбан етінен жейді, оны тарту етеді, одан садақа береді. 

Құрбан шалу арқылы пенде Ибраһим пайғамбардың сүннетін жандандырады. Құрбан айт күні Ибраһим пайғамбар өзінің баласы Исмаилды құрбандыққа пида еткенін еске алады, олардың бір мінезділігін, қайыспайтындығын және Құдайға деген сүйіспеншілігін үлгі тұтады. 

Алла Тағала елімізге амандық, жұртымызға тыныш бергей! Барша мұсылман халқына бұл айды сауапты істермен өткізіп, Жаратқан Иеміздің мейірімі мен кешіріміне кенелуді нәсіп еткей! 

Биыл зұлхижжа айының басталуы 22 шілдеге тура келеді.

30 шілде – Арапа күні.

31 шілде мен 1-2 тамыз – Құрбан айт күндері. 

[1] «Фәжр» сүресі, 2-аят.

[2] Ахмад, Табарани риуаят еткен.

[3] Әбу Дәуіт, Ибн Мажә риуаят еткен.

[4] Муслим риуаят еткен.

[5] Бухари, Муслим риуаят еткен.

[6] Муслим риуаят еткен.

[7] «Кәусар» сүресі, 2-аят.

[8] Бухари, Муслим риуаят еткен. 

fatua.kz

Предыдущий Следующий
Құрбан шалудың маңызы мен пайдасы Құрбандық қай уақытта шалынады?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Зұлхижжа айының 5 ерекшелігі
Алла Тағала өз пендесі үшін көбірек сауап жинап алсын деп  кейбір күндерді басқаларынан артық етіп қойды. Соның бірі – зұлхижжа айының алғашқы он күні.
Ислам күнтізбесі Шәууал айының ораза кестесі (ФОТО)
Бұл жайында Пайғамбар (с.ғ.с.): "Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында алты күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады" деген (Муслим).
Ислам күнтізбесі Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау міндет пе?
Рамазан айының оразасынан басқа уақытта да мұсылмандар ораза тұтуға ынталандырылады. Басқа уақытта тұтылған ораза нәпіл саналып, ораза тұтқан адамға мол сауаптың жазылуы уәде етіледі....
Ислам күнтізбесі Бас мүфти: Қасиетті Қадір түнінде дұғамыз қабыл болғай!
Қадірлі жамағат! Баршамызды қасиетті Рамазанның, оның ішінде мың айдан қайырлы Қадір түніне аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Ислам күнтізбесі Рамазандағы теңдессіз түн
Рамазан – қасиетті ай. Осынау мүбәрак айдағы қасиетті түн – Қадір түні екендігі баршамызға мәлім. Қасиетті Құран Кәрімде: «Расында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні - (игілікте) мың айдан артық. Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (асп...
Ислам күнтізбесі Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай
Оразаның алғашқы онкүндігі де артта қалды. Карантин кезінде ҚМДБ қандай сауапты істерді қолға алды? – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойылғанын білесіздер. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы ос...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 02:41

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi