Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау міндет пе?
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Күн 07:19

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

Шәууәл айында 6 күн ораза ұстау міндет пе?

| A | +

Рамазан айының оразасынан басқа уақытта да мұсылмандар ораза тұтуға ынталандырылады. Басқа уақытта тұтылған ораза нәпіл саналып, ораза тұтқан адамға мол сауаптың жазылуы уәде етіледі.

Бірақ, жылдың бес күнінде ораза тұтудан қайтарылғанбыз. Олар: ораза айт күні, құрбан айт күні және ташриқ күндері, яғни зүл-хижжә айының 11, 12 және 13 күндері.

Жыл бойы шариғатымыз мына күндерде ораза тұтуға кеңес береді:

Аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері.

Айша анамыз: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әдетте дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза тұтатын еді», – деген (Тирмизи). Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Әлбетте, пенделердің амалдары дүйсенбі және бейсенбі күндері ұсынылады. Мен амалым ұсынылған кезде ораза болғанымды ұнатамын», – деген (Тирмизи).  

Арапа күні, яғни зүл-хижжә айының тоғызы.

Әбу Қатада риуаят еткен хадисте: «Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): Арапа күні тұтқан оразаның одан алдынғы жылдың және кейінгі жылдың каффараты (төлемі) болады деп үміт етемін», – деген (Тирмизи).

Жарық күндері, яғни әр айдың 13, 14 және 15 күндері.

Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әдетте сапарда жүргенде де, үйде болғанда да жарық күндері ораза тұтатын еді (Нәсаи).

Рамазан айының артынша келетін шәууәл айының да өзіне тән артықшылықтары бар. Пайғамбарымыз «Кімде-кім Рамазанды оразамен өткізіп, бұдан кейінгі шәууәл айында алты күн ораза тұтса, жыл бойы ораза тұтқанмен бірдей», – дейді (Муслим).  

Бұл ораза сауабының бір жылға пара-пар келуін былайша түсінуге болады. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген (Әнғам:160). Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық сауабын осы аятпен байланыстырады.

Сонымен қатар, шәууал айындағы оразаға қатысты мына мәселелерді де білген дұрыс:

  1. Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау, ұстамау әркімнің өз еркінде, оны ұстау ешкімге міндеттелмеген.
  2. Шәууәл айының нәпіл оразасы шәууал айында ғана ұсталады. Әрі оны ораза айт күнін өткізіп, кейінгі күндері бастаған дұрыс.  
  3. Бұл оразаны шәууәл айының басында, ортасында немесе аяғында үздіксіз яки күнара тұтуға болады. Бірақ, айттың артынша кезекпен дереу бәрін ұстаған абзал.
  4. Рамазан айында қазасы болса, әуелі сол қазаны, сосын шәууәл айы оразасын тұтады. Өйткені, хадисте «Кімде-кім Рамазан айының оразасынан соң...» деген.
  5. Рамазан оразасын ұстамаған адамдарға да шәууал оразасын ұстауға болады. Алайда, рамазан айының оразасын тұту парыз екенін ұмытпау керек.
  6. Шәууал оразасы да басқа оразалар сияқты таң атқаннан бастап күн батқанға дейін жалғасады.  

Алла Тағала оразамызды қабыл алып, мол сауапқа кенелуді, жәннатқа кіруді нәсіп еткей!  

Хасан АМАНҚҰЛ,

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі 

меңгерушісінің орынбасары

ДЕРЕККӨЗІ muftyat.kz

ҚМДБ ресми сайты

Предыдущий Следующий
Оразаның қазасы мен кәффараты қалай өтеледі? Ораза айт күні сәресін ішуге бола ма?

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Ислам күнтізбесі Бас мүфти: Қасиетті Қадір түнінде дұғамыз қабыл болғай!
Қадірлі жамағат! Баршамызды қасиетті Рамазанның, оның ішінде мың айдан қайырлы Қадір түніне аман-есен жеткізген Аллаға сансыз шүкірлер болсын!
Ислам күнтізбесі Рамазандағы теңдессіз түн
Рамазан – қасиетті ай. Осынау мүбәрак айдағы қасиетті түн – Қадір түні екендігі баршамызға мәлім. Қасиетті Құран Кәрімде: «Расында, Біз (Құранды) Қадір түні түсірдік. Қадір түнінің не екенін білесің бе? Қадір түні - (игілікте) мың айдан артық. Сол түнде, Алланың әмірімен барлық істі реттеу үшін (асп...
Ислам күнтізбесі Ағабек ҚОНАРБАЙҰЛЫ: Рамазан – Жаратқаннан жарылқау тілейтін ай
Оразаның алғашқы онкүндігі де артта қалды. Карантин кезінде ҚМДБ қандай сауапты істерді қолға алды? – Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға уақытша шектеу қойылғанын білесіздер. Жұқпалы індеттің алдын алу үшін Қазақстан мұсылмандары дін басқармасы ос...
Ислам күнтізбесі Қош келдің, АЙЛАРДЫҢ СҰЛТАНЫ!
Расында, Рамазан – береке айы. Бұл айда мұсылман баласының ниеті мен амалы үйлесіп, жақсылыққа ұмтылады. Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген екен. Сол айтпақшы, ...
Ислам күнтізбесі Рамазандағы абзал амалдар қайсы?
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Рамазан оразасын иманмен және сауабын үміт етіп тұтатын болса, оның өткен күнәлары кешіріледі»,[1] –  деген. Сондай-ақ, рамазан айында ауыз бекітіп, ораза тұтумен қатар ізгі амалдарды көптеп істеген абзал. Өйткені, қасиетті ...
Ислам күнтізбесі Берекелі Бараат түні
Бараат – күнәлардан тазарып, оттан құтылуға мүмкіндік беретін, дұғалар қабыл болатын, кері қайтарылмайтын берекелі түн. Биыл Бараат түні біздің елде 8 сәуірден 9 сәуірге қараған түнге сәйкес келіп тұр....
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Күн 07:19

Бесінге дейін 01:38

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi