ЖӘННАТ - АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА
Алматы
Алматы Астана Шымкент Ақсай Ақсу Ақтау Ақтөбе Актогайский район Алтынсарин ауданы Алға Амангельдинский район Арал Арқалық Арысь Атасу ауылы Атбасар Атырау Аягөз Аққулы ауданы Байқоңыр Байғанин ауданы Балқаш Баянауыл ауданы Бейнеу Бәйдібек ауданы Денис ауданы Ембі Ертіс ауданы Еңбекшіқазақ Жітіқара ауданы Жалағаш кенті Жаңаөзен Жаңатас Жангелді ауданы Жаркент Жаңақорған кенті Жаңқала Жезді кенті Жезқазған Жетісай Жосалы Жосалы кенті Жәйрем Жәнібек Зайсан Индер Исатай ауданы Қарағанды Қаскелең Келес ауданы Кентау Көкшетау Қонаев Қостанай Қосшы Құлсары Курчатов Қызылорда Көкпекті ауданы Ленгер Лисаков Май ауданы Майқайын кенті Маханбет ауданы Мақат Меңдіқара ауданы Миялы Мойынқұм ауылы Мырзакент кенті Мәртөк ауданы Науырзым ауданы Ойыл ауданы Ордабасы ауданы Отырар ауданы Павлодар Петропавл Риддер Рудный с.Мангистау Сайрам ауданы Сайқын Сарыағаш Сарыкөл ауданы Сарыөзек Сәтпаев Сауран ауданы Семей Созақ ауданы Солнечный Степногорск Сырым ауданы Тайынша Талғар Талдықорған Тараз Таран ауданы Текелі қаласы Темиртау Тереңкөл ауданы Тереңөзек кенті Теңіз кен орны Түркістан Түлкібас кенті Узынагаш Орал Өскемен Федеров ауданы Форт-Шевченко Хромтау Целиноград ауданы Чапаев Шамалған ауылы Шу Шал ақын ауданы Шалқар Шарбақты ауданы Шардара Шетпе Шиелі кенті Шұбарқұдық Ырғыз ауданы Екібастұз Қазығұрт Қамысты ауданы Қандыағаш Қарабалық ауданы Қаражал Қарасу ауданы Қаратау Қарғалы Қобда ауданы Қордай Құрманғазы ауданы Құрық Үржар ауданы Үшарал Ұзынкөл ауданы Әйтеке би ауданы Әйтеке би кенті Әулиекөл ауданы
Құптан 17:47

ықшамдау
Таң Күн Бесін Аср Ақшам Құптан
05:56 07:19 11:54 14:42 16:24 17:47
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024

Мақалалар

ЖӘННАТ - АНАНЫҢ АЯҒЫНЫҢ АСТЫНДА

| A | +

Жуырда мешітке бір 82 жастағы әже келді. Ата-бабаларына құран хатым шығартқысы келіпті. Құран хатым түсіріп бердік. Бағыштадық. Қабыл болсын.

Айтпағым бұл емес еді. Ол кісі құран бағыштап болған соң бір күрсініп алды да әңгімесін бастады. Алты перзентінің үлкені қайтыс болыпты. Қалғандары шүкір бар екен. Бір ұлы Атырауда, бірі Ақтауда енді бір ұлы Алматыда тұрады екен. Қыздары да басқа қалада тұрады. Өкінішке орай, төрт құбыласы тең болуы тиіс болған апа Ақтөбеде бір өзі қалған. Балаларым тіпті, халімді сұрап хабарласпайды да деп ренжиді. Тек бір қызы ғана хабарласып тұратын көрінеді. Жалғыз өзі үш бөлмелі пәтерде тұратын апа тамақ істеуге әзірге шамам жетеді, өз пенсиям өзіме жетеді дейді. Әлі шүкір ширақ көрінеді. Алла өмір берсін. Алайда, жалғыздықтан осы кезде түнімен өз-өзіммен сөйлесетін болып жүрмін дейді. Алжыған жоқпын, тек жалғыздықтан. Намаз оқимын, сол намазым жалғыздықты жеңуге мүмкіндік беріп жатыр. Шағымымды Аллаға айтам, енді басқа мені кім тыңдайды дейді. Қысқасы, жападан жалғыз қалған. Сөз соңында апа маған қандай аманат айтқанын білесіз бе?

"Балам, мен шайтан емеспін ғой. Олай-бұлай боп кетіп жатсам мені арулап жуатын әйел адам тауып, соңғы сапарға шығарып салыңдаршы, балаларыма сенбеймін. Мына кемпір еш нәрсе білмейді екен ғой демесін деп ақыреттік матамды тағы басқа керек заттарды алып қойғанмын. Тіпті, өз жаназам мен көмуіме де пенсиямнан жинап жүрмін. Тек шариғатқа сай шығарып салсаңдар болғаны", - деді. Еріксіз көзіме жас үйірілді.

Алла-ай, Алла-ай!!! Перзентпен Құдай ешкімді сынамасын. Үш ұлы бар ана сол үш ұлының арасында жүруге лайық кісі еді. Амал нешік. Бір кездері түн ұйқысын төрт бөлген анасына төрт бұрышты үйінің бір бұрышын бере алмады. Жүрегінен орын бөле алмады.

Айналайын жігіттер, ата-анаңызды бұлай қорламаңыздаршы. Еркек болған соң еркек болып қалу керек. Әйеліңді емес, әуелі анаңды аяла. Көңіліне қаяу түсірме. Әйеліңнің де енесін ренжітуіне жол берме. Жұбайыңды жөн-жосықсыз ұрып-соқ деп айдап салып жатқан жоқпын. Бірақ, мінезді бол! Айналайын келін-жеңгелер. Енеңізді өз анаңыздай көріп қызмет етіңізші. Өз келініңізден құрмет көргіңіз келсе, қазірден ата-енеңізге лайықты түрде қызмет жасаңыз. Сонда қалай өзіңіз жақсы көретін күйеуіңізді дүниеге әкелген анасынан айыруға тырысып, оған қызмет етуден қашасыз?!

Қазақ: "Әке-шешең жынды болса, байлап бақ", - деген. Бірақ, бұл кісі ондай жындыға яки беймаза адамға ұқсамайды. Егер беймаза не алжыған болса да қызмет ету перзенттің міндеті. Бұның хикметі де осында. Аллаға жағатын іс жасау оңай емес. Бұл жолда табандылық қажет. Шыдам керек. Нәпсіні тізгіндей білу керек.

"Я, Раббым!!! Ата-анамыз бізге кішкентай кезімізде қалай мейірімділік танытқан болса, бүгінде қауқарсыз күйге түскенде оларды Сен де өз мархаметіңе бөлей гөр. Бізге ата-анамызға лайықты түрде қызмет етуді нәсіп ет. Күнәларымызды кешіре гөр. Бұл кейуананың бізге табыстаған аманатын өз перзенттері орындайтындай оларға мейірім бере гөр". Әрине, біз оны орындаудан қашпаймыз. Алайда, перзенттері өз міндеттерін орындап, аналарының алғысын алса екен деп тілеймін.

Дереккөз: Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлының фейзбук парақшасынан алынды.

ДЕРЕККӨЗІ Azan.kz

Ислам ақпараттық-ағарту порталы 

Предыдущий Следующий
ЖАҚСЫЛЫҚ ТА, ЖАМАНДЫҚ ТА – БІР АЛЛАНЫҢ БЕРГЕНІ АНА ЖАЙЛЫ ІЗГІЛЕР СӨЗІ

Оқырмандардың пікірі (0)

Қызықты тақырыптар

Исламдағы отбасы ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІ
 Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастырады. Отбасы тәрбиесі қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты....
Исламдағы отбасы ИМАНДЫЛЫҚ – ТӘРБИЕ ӨЗЕГІ
«Иманым – жиғаным» деп түсінген қазақ халқы ұл мен қызының тәрбиесіне аса мән беріп, олардың бойына имандылыққа негізделген құндылықтарды сіңіруге тырысқан. Халқымыз бала тәрбиесінде «Үлкеннің жолын кеспе!», «Үлкенге құрмет көрсет!», «Үлкендердің сөзін бөлме!» деп тәрбиелеген. Осы тәрбиенің нәтижесі...
Исламдағы отбасы ТӘРБИЕ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ
Перзент – Алланың пендеге берген ғажайып сыйы. Әке мен бала арасында мейірім және перзенттік парыз деген тылсым байланыс бар. Әке разы, Құдай разы демекші шариғат адамға әке-шешесіне қызмет етіп батасын алуды бұйырады....
Исламдағы отбасы БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАТЫСТЫ БАСТЫ МӘСЕЛЕ
Қоғамда бала тәрбиесі мен оның құқығына қатысты мәселе талқыланып, белгілі азаматтар мен белсенді тұлғалар отбасы құндылығын сақтап қалу жайлы пікірін білдіруде. Ұл мен қыз өсіріп, оның тәрбиесі мен болашағы үшін жауапты әке ретінде бұл мәселеге үн қосып отырмын....
Исламдағы отбасы ҚЫЗ ТӘРБИЕСІ - ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) төрт қыздың әкесі. Кенже қызы Фатима жәннат әйелдерінің ханшайымы болатындығы риуаяттарда айтылады. Пайғамбарымыз: «Жәннат әйелдерінің ханшайымы болуға ризасың ба?» деп айтқаны бар. Осылайша, қызына беріп жатқан тәлім-тәрбиенің сырын түсіндірге...
Исламдағы отбасы ОТБАСЫ ЖӘНЕ ДІН
Отбасы – адамның қоғамдық өмірінің ең алғашқы нысандарының бірі. Отбасылық байланыстар қоғамның қалыптасуының ең бастапқы формасы болды. Осының негізінде отбасы мен дін бір-бірімен өте тығыз байланыста, отбасы діннің негізгі әлеуметтік тасымалдаушысы болып табылады. ...
ықшамдау
Күнтізбе
Хижри
21 Джумада-сани 1446
Миләди
23 желтоқсан 2024
Намаз уақыттары
қазір

Құптан 17:47

Бамдатқа дейін 05:52

Задайте вопрос устазам

Ва алейкум ассалам. Ваше омовение и намаз действительны, так как нить установлена в лечебных и в

Администратор Azankz
17 жел. 2024

Признаки любви к Пророку ﷺ

<script>alert(a)</script>

X
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024

Обязанности мужчины перед своей семьей

А как же быть женщине, такой как я, которая рано вышла замуж, работала вплоть до родов, собирала каж

Лейла
28 қыр. 2024
Created with Sketch. {{!-- --}} {{!-- --}} {{!-- --}} Created with Sketch. Asset 1mdpi